Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана әкімі мен Президент әкімшілігінің жетекшісі ауысуы мүмкін

Астана әкімі мен Президент әкімшілігінің жетекшісі ауысуы мүмкін

Қазақстанда кадрлық өзгерістер болуы мүмкін. Ақпараттық дереккөздердің мәліметінше, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин және мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхаметов жаңа қызметке тағайындалады. Бұл туралы Kapital.kz хабарлайды.

Әділбек Жақсыбеков 2014 жылдан бері Астана қаласының әкімі. Дереккөздердің мәліметінше, ол Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне тағайындалуы мүмкін. Айта кетейік, ол  аталған қызметті 2004-2008 жылдары атқарған болатын.

Нұрлан Нығматуллин 2014 жылдан бері Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарып келеді. Енді ол ҚР Парламент мәжілісінің спикері болуы мүмкін. Бұл қызметті 2012-2014 жылдары атқарды.

Ал Бақтықожа Ізмұхаметов депутаттық мандатын сақтай отырып, ардагерлер ұйымын басқаруы мүмкін.

Похожие материалы