Астана қаласында колледж студенттерінің шәкіртақысы көтерілетін болады. «Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқитын студенттерге шәкіртақы көлемін арттыруға 570 млн теңге бөлінді», - деді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов бүгін әкімшілік жиналысында.
Одан бөлек, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде мамандарды даярлауға деген мемлекеттік тапсырыс көлемін көбейту мақсатында 315 млн теңге бөлінеді. Колледжлегі оқу-өндірістік шеберхналар, зертханалар жабдықтарын жаңарту мен қайта жабдықтау үшін 50 млн теңге бөлінеді.
Бұл шаралар елорда әкімшілігі мен министрлік арасындағы меморандумға сәйкес қабылданып отыр. Шара 2015-2017 жылдарда жүзеге асырылады деп жоспарлануда.





