Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана саяхаттауға қолайлы елдер рейтингісінде сегізінші орында

Астана саяхаттауға қолайлы елдер рейтингісінде сегізінші орында

Жиһангездерге арналған Travel.ru порталы Ресеймен көршілес елдердің астаналарын тізіп, мамырдың мерекелі алғашқы күнінде қыдыруға қолайлы қалалардың рейтингісін жасады.

Алғашқы орында Литва астанасы Вильнюс. Ол жерде демалу бюджеті бір тәулікке 42 еуро. Екінші орында - Грузия елордасы Тбилиси. Бюджетінің көлемі - 43 еуро. Ал, үздік үштікті аяқтайтын Моңғолия астанасы Улан-Батор болып отыр. Ол жерле тәулігіне 44 еуромен демалуға мүмкіндігіңіз бар.

Рейтингтің келесі орны Лативия астанасы Ригаға тиесілі, бюджеті - 46 еуро. Бесінші орында - Абхазиның бас қаласы Сухуми. Жол-жүріс құны бір күнге 48 еуро.

Польшаның астанасы Варшава алтыншы орынға табан тіреді. Бюджеті - 49 еуро. Белоруссияның елордасы Минск жетінші орында (50 еуро).

Қазақстанның бас қаласы Астана қаласы рейтингте сегізінші орынға жайғасқан. Бюджет көлемі - 64 еуро. Бұрын осы жерлермен керуен жолдары өтіп, қола дәуіріндегі адамдар қоныстанған деседі. Ал, бүгінде бұл жерде жас әрі заманауи қала орналасқан. Астанаға барар болсаңыз аралайтын дер көп деп жазады рейтинг құрастырушылар.

Қытай астанасы Пекин тоғызыншы орында. Бару үшін тәулігіне 67 еуро керек.

Эстония астанасы Таллинге барарда бір күнге 68 еуро деп есептеген жөн. Рейтингте оныншы орынды иеленді. Одан кейінгі орында Әзірбайжан елордасы Баку (80 еуро). Он екінші орын Финлянди астанасы Хельсинкиде бір күндік бюджет - 100 еуро.

Рейтинг көрсеткіші бойынша, ең қымбат қала Норвегия астанасы Осло болды. Оның бір күндік бюджеті - 128 еуроны құрайды.

Ресеймен шектесетін Солтүстік Корея, Оңтүстік Осетия мен Украина сынды елдер бұл рейтингке қатыстырылмады. Олай болу себебі - қазіргі таңда ресейліктердің аталған елдерге баруға деген құлшыныстарының төмендігінен.

Бюджет есептеу барысында мынадай параметрлар есепке алынды:

- Орта бағадағы екі адамға арналан орны бар қонақүй. Радиусы қала орталығынан 10 км қашықтықтай жерде орналасуы тиіс. Уақыты - 30 сәуір мен 1 мамыр;

- екі адамдық аса қымбат емес түскі ас;

- бас мұражайды аралау және қаланың көрнекі жерлерін қарап шығу;

Похожие материалы