Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада 1 апта ішінде мыңнан астам лас жүргізушіге айыппұл салынды

Астанада 1 апта ішінде мыңнан астам лас жүргізушіге айыппұл салынды

Астанада бір апта ішінде мыңнан астам көлікке жол жүру бөлігін ластағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қаласының ІІД-нің әкімшілік полициясынан хабарлады.

1 апта ішінде Астанада 1181 жүргізушіге айыппұл салынған. Оларға көшеге шылымның тұқылын тастағаны немесе көшеде өте лас дөңгелектерімен жүргендері үшін осындай жаза қолданылаы. Тазалық сақтамағандар үшін жазаланғандар саны жылдамдықтарын арттырғандардан (866 адам) және атмосфераға зиянды заттар шығарғандардан да (900 адам) асып кетті. Сондай-ақ, бір апта ішінде бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамастан жол қиылысына шығып кеткен 140 жүргізушіге, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен 73 жүргізушіге және тағы 34 көлік иесіне мас күйінде рөлде отырғаны үшін айыппұл салынды.

Похожие материалы