
Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Елорданың шет жақта орналасқан аумақтарынан оқушыларды мектепке жеткізу үшін 24 автобус бөлінді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Астаналық білім басқармасының мәліметтері бойынша, бірінші кезекте маршруттар мектепте жүктемесі көп 3 ауданның оқушылары үшін қызмет көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта бұндай қызметті 10 мектептің 1400-ге жуық оқушысы қолданады. Олардың ішінде арнайы түзету мектеп-интернаты бар.
Сары автобустар екі мектеп ауысымында оқушыларды тасымалдайды. Бұл қызмет жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, сол себепті оқушылар бұл қызметті тегін пайдаланады. Көлік заманауи талаптарға сай, жүргізушілер қатаң іріктеуден өтеді. Олар сотталмаған, зиянды әдеттерден аулақ болу керек және еңбек өтілі анағұрлым көп жүргізушілер болады. Жолға шықпас бұрын әр автобус техникалық, жүргізушілер медициналық тексеруден өтеді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025