Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада 1400-ге жуық оқушы мектепке тегін жеткізіледі

Астанада 1400-ге жуық оқушы мектепке тегін жеткізіледі

Алматы. 8 қыркүйек. 7kun.kz — Елорданың шет жақта орналасқан аумақтарынан оқушыларды мектепке жеткізу үшін 24 автобус бөлінді,  деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астаналық білім басқармасының мәліметтері бойынша, бірінші кезекте маршруттар мектепте жүктемесі көп 3 ауданның оқушылары үшін қызмет көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта бұндай қызметті 10 мектептің 1400-ге жуық оқушысы қолданады. Олардың ішінде арнайы түзету мектеп-интернаты бар.

Сары автобустар екі мектеп ауысымында оқушыларды тасымалдайды. Бұл қызмет жергілікті бюджеттен қаржыландырылады, сол себепті оқушылар бұл қызметті тегін пайдаланады. Көлік заманауи талаптарға сай, жүргізушілер қатаң іріктеуден өтеді. Олар сотталмаған, зиянды әдеттерден аулақ болу керек және еңбек өтілі анағұрлым көп жүргізушілер болады. Жолға шықпас бұрын әр автобус техникалық, жүргізушілер медициналық тексеруден өтеді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы