Астана. 16 сәуір. 7kun.kz - Астана қаласында қоғамдық көліктерге электрондық төлем жасау жүйесі қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында Жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Аталған жобаны мамыр айында іске қосу көзделген.
"Біз азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін арнайы мәліметтер базасын жасап, карталарды дербестендірдік. Олар автобустармен тегін жол жүреді. Бұл ретте валидация жасауға, яғни автобуста картаны пайдалануға міндетті. Оқушыларға да дербес карталар беріледі, оны жазғы демалыс кезінде 30-шы тамызға дейін қолдануға болады", - деді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.
Карталарды арнайы белгіленген орындарда және жүргізушілерден сатып алуға болады. Егер жолаушының картасы болмаса, ол жолақыны жүргізушінің жанындағы терминалмен электронды карта арқылы немесе қолма-қол ақшамен төлейді. Автобус жүргізушісінің және әрбір есіктің жанына валидатор орнатылады.
ЭТЖЖ жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға мүмкіндік береді және осы саланың айқындылығын қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024