Астана. 31 мамыр. 7kun.kz - Астанада төлем карталарын қабылдауға арналған құрылғылардың бар-жоғын тексеру жұмыстары басталды. Бұл жөнінде Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаменті хабарлайды.
ҚР "Төлемдер мен аударымдар" заңына сәйкес, төмендегі қызмет түрлерін көрсететін тұлғалар POS-терминал құрылғыларын қолдануы міндетті:
- Автокөлік және мотоциклдардың бөлшектік және көтерме саудасы, олардың жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсету;
- Көтерме және бөлшектік сауда;
- Қонақ үй қызметтерін ұсыну;
- Мейрамхана қызметтерін ұсыну;
- Жол жүру құжаттарын, әуе және темір жол көліктері билеттерінің түбіртектерін сату;
- Жүктерді тасымалдау, сақтау қызметтерін ұсыну;
- Туризм саласында (турагенттерден басқа) қызмет ұсынатын туроператорлар мен сол тектес ұйымдар;
- Сақтандыру саласында қызмет ұсыну;
- Білім беру саласында қызмет ұсыну;
- Кинофильмдер, видео мен телевизиялық бағдарламалар тарату;
- Фитнес, спорт клубтарының қызметі;
- Құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметін ұсыну;
- Боулинг, бильярд қызметтерін ұсыну;
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге осындай міндет қолданылатын салық режиміне қарамастан қойылады.
POS–терминалдар орнатылмағанын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде салынады. Атап айтқанда жеке кәсіпкерлерге - 40 АЕК, заңды тұлғаларға - 80 АЕК мөлшерінде қарастырылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024