Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада POS-терминалдарды тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Астанада POS-терминалдарды тексеру жұмыстары жүріп жатыр

Астана. 31 мамыр. 7kun.kz - Астанада төлем  карталарын қабылдауға арналған құрылғылардың бар-жоғын тексеру жұмыстары басталды. Бұл жөнінде Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаменті хабарлайды.

ҚР "Төлемдер мен аударымдар" заңына сәйкес, төмендегі қызмет түрлерін көрсететін тұлғалар POS-терминал құрылғыларын қолдануы міндетті:

  1. Автокөлік және мотоциклдардың бөлшектік және көтерме саудасы, олардың жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсету; 
  2. Көтерме және бөлшектік сауда; 
  3. Қонақ үй қызметтерін ұсыну; 
  4. Мейрамхана қызметтерін ұсыну;
  5. Жол жүру құжаттарын, әуе және темір жол көліктері билеттерінің түбіртектерін сату; 
  6. Жүктерді тасымалдау, сақтау қызметтерін ұсыну; 
  7. Туризм саласында (турагенттерден басқа) қызмет ұсынатын туроператорлар мен сол тектес ұйымдар; 
  8. Сақтандыру саласында қызмет ұсыну; 
  9. Білім беру саласында қызмет ұсыну; 
  10. Кинофильмдер, видео мен телевизиялық бағдарламалар тарату; 
  11. Фитнес, спорт клубтарының қызметі; 
  12. Құмар ойындары мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметін ұсыну; 
  13. Боулинг, бильярд қызметтерін ұсыну; 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілерге осындай міндет қолданылатын салық режиміне қарамастан қойылады.  

POS–терминалдар орнатылмағанын анықтаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік айыппұл түрінде салынады. Атап айтқанда жеке кәсіпкерлерге - 40 АЕК, заңды тұлғаларға - 80 АЕК мөлшерінде қарастырылған. 

Похожие материалы