Қазақстан. 26 мамыр. 7kun.kz – Алматы облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысы мен лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыздық анықталды. Олар қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласып, «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған. Күдіктілер ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізбек болған. Осы дерек негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді», – деп хабарлады Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024