ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Асқар Мырзахметов вице-премьер қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылған.
"Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Құттықтаймын. Сізге жемісті еңбек тілеймін", - деді премьер-министр Кәрім Мәсімов үкімет отырысы кезінде. Жаңа орынбасар ауыл шаруашылық министрі қызметін сақтап қалады. "Енді міндеттерді бөлісу жағын қарау қажет. Менің ойымша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған жер реформасы жөніндегі комиссиясының да жұмысын Мырзахметовке беру керек. Сондықтан да келесі отырысты бірге жүргізулеріңіз керек, ары қарай өзіңіз жалғастырасыз", - деді Мәсімов комиссия төрағасы Б.Сағынтаевқа. Осыған дейін ол "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары "Оңтүстік" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024