Экономика
Познавательный
Автокөліктерде жүкті рұқсат етілген салмақтан асырғаны үшін төленетін айыппұл мөлшері өзгерді

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz - 2018 жылдың 9 қаңтарынан көлік саласына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енді.
Енгізілген өзгертулерге сәйкес, автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтан асырғаны үшін әкімшілік айыппұл 10-20 АЕК-ке төмендеді. Бұдан бөлек, мұндай құқық бұзушылық жауапкершілігі енді бір тоннадан асқан кезде күшіне енеді. Қазақстандық рұқсат бланкісіз халықаралық тасымал жасаған үшін шетелдік жүргізушілерге 25-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынатын болады. Сонымен бірге, ҚР территориясында каботажды тасымал жасаған үшін шетелдік тасымалдаушыларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленді. Сонымен қатар, төмендегідей жаңа әкімшілік жауапкершілік енгізілді: - Теміржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және ауыр жүкті тасымалдау ережелерін бұзған үшін (571 баптың жаңа 4-ші бөлімі); - Тасымалдаушы жүкті, жолаушыларды және багажды автокөлік құралымен тасымалдау кезінде тауар-көлік жөнелтпе құжатын, (өлшеу және таразылау акті), жүк тасымалын жасауда жол-сапар парағын бермеу және толтырмау (571-1 жаңа бап); - ЕЭО мүше-мемлекеттердің көлікті бақылау уәкілетті органы берген ескертпені орындамай халықаралық автомобиль тасымалын жасаған шетелдік тасымалдаушылар үшін, сонымен қатар ескерту хатта белгіленген бағдардан ауытқығаны үшін (573 баптың 6 бөлімі); - Тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген тартқышқа немесе жүк автомобиліне айырбастауды (тіркемелеу) жүзеге асырғаны үшін (573 баптың 7 бөлімі); - Шағын көлемді кемеде немесе буксирге алынған жүзу құралында құтқару құралдарын кимей және тақпай жеке шағын көлемді кемемен басқару үшін. Кодекстен 593 баптың 6 бөлімі (самосвалмен тасымалдау), 574 бап (жолаушылар тізімінің болмауы), 576 (жүргізушілерде тұрақсыз республика ішінде тасымал жасау шартының болмауы), 584 баптың 1 бөлімі (суға сүңгу жұмыстары кезінде белгі беру ережелерін бұзған үшін), 609 (арнайы куәліксіз жолаушыларды тасымалдау) алынып тасталған.Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025