Ресейлік АвтоВАЗ концерні 1 тамыздан бастап Lada Granta, Lada Kalina (Cross маркасынан басқасы) және Lada 4×4 модельдеріне бағаны 4 пайызға көтереді, деп жазады rbc.ru.
«Елдегі ағымдағы экономикалық жағдай бізге келеңсіз әсер етуде. Lada сатылымдары 27 пайызға құлдырады, жинақтау құралдарының құны едәуір өсті – осы себептерден біз шығынға ұшыраудамыз. Қалыптасып отырған жағдайда біздің басты міндеттеріміз өндіріс шығындарын оңтайландыру және жеткізушілер базасын қайта құрылымдау болып отыр», – делінген «АвтоВАЗ» ААҚ президенті Бу Инге Андерссонның мәлімдесінде. АвтоВАЗ-дан хабарлағанындай, 2015 жылдың І жартжылдығында компания кірісі 89,2 млрд. Рубль болды, бұл 2014 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішінен 2,2 пайыз аз. Компания 2015 жылдың ІІ жартысында қаржылық көрсеткіштерді жақсарту үшін «ірі ресейлік автоөндіруші ретіндегі өзінің жағдайын пайдалана отырып», барлық қажетті шараларды қолға алатынын нақтылады. «Автостат» талдау агенттігі бұдан бұрын 2015 жылғы шілдеде 29 автомобиль компаниясы Ресейге жөнелтілетін модельдік автомобильдерінің бағаларын өзгерту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. АвтоВАЗ-ға қарағанда, көптеген комппаниялар бағаларын төмендетті. Мысалға, Citroen Jumper VU, Jumper VU new және Jumpy VU маркалы автомобильдерінің бағасын 2,3 пайыздан 7,9 пайызға дейін төмендеткен. Mazda, Hyundai, Geely компаниялары да өз автомобильдерін арзандатып отыр. Бұдан бұрын РБК дереккөздері GM-АвтоВАЗ жаңа автомобильдер шығаратын өндірістік кешен құрылысын аяқтау және оларға жабдықтар үшін қаржыландыру жолдарын іздестіріп жатқаны жайлы айтты. Олардың айтуынша, қазіргі күні GM-АвтоВАЗ 12 млрд. рубль тарту үшін Сбербанкке және ВТБ-ға несие алуға өтініш жасаған. Сондай-ақ осы аптада АвтоВАЗ-да жаңа үш дилер – Major Auto, «Авиньон» және «Русь авто» пайда болғаны белгілі болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024