Кеше, 22 сәуір күні «Қазақия 2015» блог-сапары мәреге жетіп, жүлдегерлер марапатталды.
Арнайы шарттармен іріктелген 9 блогшы 12 күн бойы еліміздің 12 өңірінде болып, жазбалар ұсынды. Жоба жетекшісі Рахат Жақсыбайдың айтуынша, блог-сапардың мақсаты – әлеуметтік желі белсенділерінің көзімен елімізді жаңа қырынан таныту, қазақ интернет кеңістігін сапалы мәтіндік, бейне, фото контентпен толықтыру.
«Қазір блог-сапардың табысты өткенін айта аламыз. Блогерлер сол кезеңде 300-ге жуық жазба жариялады. Оған 4 000-нан астам әлеуметтік желіні, сайттарды қолданушылар пікір білдірді. Ал сапар барысын қамтыған халықтың аудиториясы 100 000-нан асты», деді ол «Егемен Қазақстан» газетіне берген пікірінде.
Біздің пікір: Жоба қазақтілді контентті сапалы, кәсіби, тұшымды материалдармен толықтыруда өз мақсатына жете алды деп ойлаймыз. 12 күнге созылған сапарда қатысушылар түрлі өңірлерден түрлі форматта мазмұнды, қызықты жазбалар жариялап отырды.
Жақында ғана қосылып, аяғына енді тұрып келе жатқан 7kun.kz бәрімізге ортақ интернет-сегменттің тамаша бастамасынан тыс қала алмады. Осы бір үлкен іске қосқан үлесіміз деп Блог-сапардың 7 қатысушысына шағын көлемде ақшалай ынталандыру сыйлықтарын тағайындады.
Жоба ұйымдастырушыларына, қатысушыларына оқырман ретінде алғыс білдіреміз, оң нәтижелерімен құттықтаймыз және алдағы істерінде сәттілік тілейміз!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024