Ресми түрде тіркеу я санақ жүргізетін компаниялар аз екеніне қарамастан, Қазақстан құжаттарды көшіру мен басып шығаруға ең көп ақша жұмсайтын елдердің қатарына кірді. Сондай-ақ, компаниядағы қаржы айналымынының 10 пайызы көшіру құралдарына (мысалы, принтерге) жұмсалады.
Canon компаниясы Орталық және Шығыс Еуропаның, Еуразия мен Таяу Шығыстың, Африканың қарқынды дамып келе жатқан нарықтарының қағаз шығаруға жұмсайтын шығындар көлемі мен елдердің цирфлық форматқа өтуге даярлығы жайлы зерттеу жүргізген. Сауалнамаға аталған аймақтағы кәсіпкерлік дамыған 10 елдің мыңнан астам азаматы жауап берген.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, кәсіпорындардың көбі (53 пайызы) қағаз шығаруға жұмсайтын шығыстарды мүлдем есепке алмайды, сондай-ақ түрлі-түсті принтер секілді сапалы да қымбат құралдарды сатып алуға қаржы жұмсамайды.
Айта кетейік, компания басшылары принтер мен сканерге, бағдарламалық қамсыздандыруға жұмсалатын қаржы көлемін арттыруды жоспарлап отырған жалғыз ел - Қазақстан. Себебі, елдегі 60 пайыз кеңсе қызметкерлері қағазды үш жыл бұрынғыға қарағанда көбірек шығара бастаған.
Зерттеу қорытындысы бойынша, қазақстандық компаниялардың 57 пайызы кеңсе құралдарына қатысты жаңалықтардан хабарсыз болса, 60 пайызы мұндай қызметті басқа компанияларға беріп, қолмен жасап алған шығынға батады екен. Сарапшылар Қазақстан кеңсе қағаздарымен жұмыс жүргізуге жұмсайтын қаржысы Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің шығынынан 2 есе көп екенін айтады.
Естеріңізде болса, бұған дейін ТМД елдері ішіндегі ақпараттық қауіпсіздік жағдайын зерттеген Сергей Голованов «Қазақстанның — ұжымдық деректерге жасалған «шабуыл» саны ең тез өскен аймақ» деп мәлімдеген еді. Маман бұған қазақстандық компаниялардың ескі құралдармен жұмыс істеуі себеп болып отырғанын айтқан еді. Егер 2015 жылы ұжымдық құпия деректер сақталған компьютерге орта есеппен 5 рет шабуыл жасалса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 16-ға өскен. Бұл — максималды көрсеткіш: Ресей, Әзірбайжан мен Белоруссияда бұдан төмен.
«Бұған қазақстандық компаниялардың ескі жұмыс стансалары, яғни ұжымдағы ескі техникалардың көптігі себеп болып отыр», — дейді Сергей Голованов.Одан бөлек, Қазақстанның онлайн-банктеріне жасалған шабуыл саны 6 пайызды құрайды. Бұл — ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. «Бұған қазақстандық компаниялардың ескі жұмыс стансалары, яғни ұжымдағы ескі техникалардың көптігі себеп болып отыр», — дейді Сергей Голованов. Оның айтуынша, Қазақстан компаниялары ақша үнемдеу үшін техникалық қауіпсіздігіне аз мән беріп, жаңашылықдыққа ұмтылмайды, ал мұны білетін «хакерлер» осындай әрекеттерге жиі барады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024