Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың 15-18 қаңтар аралығында Абу-Даби қаласында «Болашақ энергиясы» XI Дүниежүзілік саммиті өтеді. Іс-шараға 26 000-нан астам адам жиналды, 20-ға жуық елдің павильондары мен 650 көрме компаниясы қатысты. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Саммит жұмысына ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ербол Шорманов қатысады.
Көрмеде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ ұйымдастырған Қазақстанның жалпы алаңы 195 шаршы метр болатын павильоны ұсынылады.
«Павильон аясында елімізде бірқатар ауқымды жобалар іске асырылады, оның ішінде «Digital Kazakhstan» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы» АҚ, сондай-ақ ЭКЖ және көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы жобалар іске асырылады», - деді Шорманов.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жыл сайынғы саммитке қатысады. Қазақстан үшін бұл альтернативті энергетиканы дамыту, сондай-ақ елге инвестиция тарту бойынша жемісті диалог үшін маңызды алаң. Іс-шара әлемдегі ең соңғы энергетикалық үрдістермен және энергия саласындағы ең жарқын инновациялық жобалармен танысуға мүмкіндік береді.
Саммит аясында жыл сайын Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің Ассамблеясы (IRENA) және Абу-Даби тұрақтылығы апталығы өткізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024