Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан алғашқы алтын медальға қол жеткізді

Қазақстан алғашқы алтын медальға қол жеткізді

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz - Алматы қаласының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өтіп жатқан Универсиада ойындарының биатлон жарысында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Алғашқы алтын медальға  биатлоншы Алина Райкова ие болды. Алина Райкова 59 минут 48 секундта жарысты аяқтады. Екінші орында да - қазақстандық Галина Вишневская. Галина Вишневская жарысты бір сағат 2 минутта 9 секундта аяқтады. Үздік үштікті украиналық биатлоншы қыз Надия Белкина бір сағат екі минут 12 секунд ішінде жарыс жолын аяқтады.

Похожие материалы