Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда 2017 жылдың басынан бері ұлттық компания мен холдингтерінің 60 активі сатылған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Ал республикалық және коммуналдық меншіктер 6,38 млрд теңгеге саудалаған. Олардың ішінде кешенді жоспар - 6,21 млрд теңгенің 56 меншігі. Сонымен қатар, саудада 120 объекті тұр.
Статистикаға сәйкес, 2013 жылдан бері жекешелендіру бойынша 126,905 млрд теңгеге 462 меншік сатылған (кешенді жоспарда - 63,88 млрд теңгеге 232 меншік). Оның ішінде:
- республикалық меншіктер - 31 (11,14 млрд теңге; кешенді жоспар - 7,54 млрд теңгеге 20 меншік);
- коммуналдық меншік - 223 (20,32 млрд теңге; кешенді жоспарда - 17,26 млрд теңгеге 115 меншік);
- ұлттық холдингтер - 88,57 мрд теңгеге 98 активтері (кешенді жоспарда - 35,30 млрд теңгеге 51 дана);
- ұлттық компаниялар - 6,87 млрд теңгеге 110 актив (кешенді жоспарда - 3,78 млрд теңгеге 46 дана).
Ең көп сатылым 2016 жылы болған - 47,1 млрд теңгеге 146 меншік.
Қазақстандағы жекешелендіру жылдарында ең белсенді сатып алушылар жеке тұлғалар болған - 30,6 млрд теңгеге 243 меншік алынған (кешенді жоспар бойынша - 11,30 млрд теңгеге 120 объект). Ең ірі мәмілелерді заңды тұлғалар жүргізген - 94,82 млд теңгеге 207 актив пен жеке меншік (кешенді жоспар бойынша - 51,1 млрд теңгеге 103 меншік).
Ең белсенді аймақ Алматы қаласы болды - 111 мәміле (53,56 млрд теңге), ал екінші орында мемлекеттегі резидент емес азаматтар - 10 мәміле (31,93 млрд теңге), үшінші орында - Жамбыл облысы (33 мәміле - 12,11 млрд теңгне) мен Қостанай облысы (345,13 млн теңге).
Тізімде 13,31 млрд теңгеге меншік алған қай аймақтан екендігі белгісіз сатып алушы тіркелген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024