Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан активтер саудасынан 127 млрд теңге табыс тапты

Қазақстан активтер саудасынан 127 млрд теңге табыс тапты

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда 2017 жылдың басынан бері ұлттық компания мен холдингтерінің 60 активі сатылған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Ал республикалық және коммуналдық меншіктер  6,38 млрд теңгеге саудалаған. Олардың ішінде кешенді жоспар - 6,21 млрд теңгенің 56 меншігі. Сонымен қатар, саудада 120 объекті тұр.

Статистикаға сәйкес, 2013 жылдан бері жекешелендіру бойынша 126,905 млрд теңгеге 462 меншік сатылған (кешенді жоспарда - 63,88 млрд теңгеге 232 меншік). Оның ішінде:

  • республикалық меншіктер - 31 (11,14 млрд теңге; кешенді жоспар - 7,54 млрд теңгеге 20 меншік);
  • коммуналдық меншік - 223 (20,32 млрд теңге; кешенді жоспарда - 17,26 млрд теңгеге 115 меншік);
  • ұлттық холдингтер - 88,57 мрд теңгеге 98 активтері (кешенді жоспарда - 35,30 млрд теңгеге 51 дана);
  • ұлттық компаниялар - 6,87 млрд теңгеге 110 актив (кешенді жоспарда - 3,78 млрд теңгеге 46 дана).

Ең көп сатылым 2016 жылы болған - 47,1 млрд теңгеге 146 меншік.

Қазақстандағы жекешелендіру жылдарында ең белсенді сатып алушылар жеке тұлғалар болған - 30,6 млрд теңгеге 243 меншік алынған (кешенді жоспар бойынша - 11,30 млрд теңгеге 120 объект). Ең ірі мәмілелерді заңды тұлғалар жүргізген - 94,82 млд теңгеге 207 актив пен жеке меншік (кешенді жоспар бойынша - 51,1 млрд теңгеге 103 меншік).

Ең белсенді аймақ Алматы қаласы болды - 111 мәміле (53,56 млрд теңге), ал екінші орында мемлекеттегі резидент емес азаматтар - 10 мәміле (31,93 млрд теңге), үшінші орында - Жамбыл облысы (33 мәміле - 12,11 млрд теңгне) мен Қостанай облысы (345,13 млн теңге).

Тізімде 13,31 млрд теңгеге меншік алған қай аймақтан екендігі белгісіз сатып алушы тіркелген.

 

Похожие материалы