Астана. 1 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың 1 шілдесінде банк секторының жиынтық активтері 25 трлн 141,6 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері көрсеткіш 1,6 пайызға кеміген. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Активтер құрылымында несиелер 57,7 пайыз үлесті құрайды, құнды қағаздар қоржыны - 13,3 пайыз, қолма-қол ақша, тазартылған асыл металдар мен корреспонденттік шот - 11,6 пайыз.
Уақыты өтіп кеткен (90 күннен көп) несиелер 1 трлн 663 млрд теңгеге жетті. Бұл -қарыздар қоржынының 10,7 пайызы.
Ал дәл осы қоржын бойынша провизиялар 1 трлн 734,4 млрд теңге көлемінде, жалпы қоржынның 11,2 пайызы (2017 жылдың басында 1 трлн 642,9 млрд теңге немесе 10,6 пайыз).
Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 22 трлн 148,7 морд теңге болды. 1 қаңтардағы жағдайдан 2,5 пайызға кеміді. Банк міндеттемелері құрылымында тұтынушылардың салымы - 75,9 пайыз, құнды қағаздар - 6,4 пайыз, басқа банктер мен ұйымдардан алынған несиелер - 6,6 пайыз.
2017 жылдың басынан бері ҚР резидент емес тұлғаларының алдындағы банк міндеттемелері 7,4 пайыздан 5,6 пайызға (немесе 1 трлн 687,5 млрд теңгеден 1 трлн 237,9 млрд теңгеге дейін) азайд.
Банк секторының жеке жиынтық капиталы 1 шілде жағдайымен 2 трлн 993 млрд теңгені құрады (2017 жылдың қаңтар-маусымында 5,4 пайызға артты).
Жыл басынан екінші деңгейлі банктерден алынған таза кіріс 204 млрд теңгені көрсетті (2016 жылы 204,6 млрд теңге болған). Екінші деңгейлі банктердің таза проценттік айырымы 4,5 пайызды, проценттік спрэд 3,8 пайыз болды.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024