Экономика
Қазақстан экономикасы жылдам дамып келе жатқан елдердің ішінен 11 орында тұр
Bloomberg-тің экономистер арасында жүргізген сауалнамасы бойынша, Қазақстан әлемдегі тез дамып келе жатқан 57 елдің экономикасының арасынан 11-орынға тұрақтады. Сауалнама қорытындысы бойынша, 2015 жылы әлемдік экономика 3,2%-ға, 2016 жылы 3,7%-ға өседі.
2015 жылдың көшбасшысы экономикасы 7%-ға өсетін Қытай елі болмақ. Қарқынды түрде дамып келе жатқан бестіктің құрамында Филиппин, Кения, Үндістан мен Индонезия да бар.
Экономистердің болжамы бойынша, әлемдік ЖІӨ-нің 16 пайызы осы бестіктің үлесінде, 2015 жылы олардың экономикасы 5 пайызға өседі деп болжанып отыр.
Ал сауалнама бойынша Қазақстан экономикасы 4 пайызға арта түспек