Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы (курстық жұмыс)
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты болып отырған «Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы » деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады.
I ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ
- Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Яғни бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі туындады.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық жандану және өсу сатысындамыз.
Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт төмендеуiмен көрiнедi.
Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жалдардағы экономикалық саясаты экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар, сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады, бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды. Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестициятоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада жаппай аласапыран басталды.
Осылайша 70 жыл бойы экономикада ортақ меншiктiк негiзде, экономиканы бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып келетiн нарықтық экономикаға өттiк. Осы уақыттарда барлық буындағы басшылар нарыққа көшудiң жолдары жайында ұзаққа созылған пайдасы жоқ бос шарушылыққа көштi. Сыңаржақты жасалған бағдарламалар мен жоспарлар пайда болды.
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы – ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.
Сондай-ақ бұрыннан берi қызмет етiп келе жатқан экономикалық жүйе, елдердiң экономикалық қарым – қатынасы бұзылуы салдарынан экономиканың құлдырауы одан сайын өрши түстi. Нарықтық жағдай бiрден халыққа ұғынықсыз түнек болып көрiндi, яғни нарықтық экономикаға сенiмсiздiкпен қараушылық пайда болды, ал бұл мәселе ендi ғана халықтың сенiмiне ие болып отырғаны баршамызға белгiлi.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:
- экономикалық өсудегi дағдарыс;
- инфляциялық дағдарыс;
- төлем қабiлетi дағдарысы;
- инвестициялық дағдарыс;
- әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
Экономикалық өсудегi дағдарыс: себептерi мен жалпы көрiнiсi.
Елiмiздiң нарықтық қатынастарға өтуi барысында жалпы экономика өтпелi кезеңде болып отыр. Экономикалық өсудегi дағдарыс елдегi 1991-1998 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң құлдырауымен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде экономикалық өсудiң дағдарысы , яғни ЖIӨ көлемi үш жылда 9%-дан асып кетсе экономикалық өсудегi дағдарыс деп аталады. Ал Қазақстанда болса ЖIӨ-нiң көлемi 1998 жылы 1991 жылға қарағанда 31,2%-ға төмендедi.
Осы аралықта. экономикалық өсуде ЖIӨ-нiң 1996 жылы – 0,5%, 1997 жылы – 1,7%-ға шамалы өсу қарқыны көрiндi. Бiрақта 1998 жылы қайтадан ЖIӨ-нiң 1,9%-ға төмендеуi байқалды, яғни ол жылы әлемнiң бiрнеше елдерiнде қаржы дағдарыстары болып едi. Бұдан көретiнiмiз елiмiздiң экономикасының өсуi тұрақты емес, өйткенi ол басқа экономикалық өзгерiстерге тәуелдi. Оның басты себебi бiздiң экономикамыздың шикiзаттық бағытта болуы, яғни әлемдегi шикiзат бағасының өзгеруi бiздiң экономикаға зор ықпал жасайды. Осыған байланысты елiмiздiң басты саясаты ұлттық экономиканы тұрақтандыру саясаты болып табылады, ол үшiн өндiрiстi шикiзаттық бағыттан жайлап өңдеушi индустриялы-инновациялы дамуға өту болып отыр.
1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп, гиперинфляцияны құрады.
Омыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық өсуге жол ашты.
Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды. 2000 жылға дйiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69,3% -құрады. Ал сонғы 2001-2003 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 30%-дан астам болды.
1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен жалпы экономикада экономикалық өсу көрсеткiштерi белең ала бастады. Яғни елдегi экономикалық өсу параболалы түрде болып, оның көлемi бұрынғы 1990 жылғы көлемiне мiне осы 2003 жылы ғана жеттi. Қазiргi уақытта елiмiз экономикалық өсудiң дағдарысынан толық шықты деп айта аламыз.
Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-күнге өсе бастады.
Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетлдiң тура инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар жасады. Сондай-ақ iшкi экономикалық инвестиция тартуды дамытты. Осылайша 1997 жылдан бастап елiмiзде инвестициялық қызмет өсу бағытына бет алды. Оның өсiмi 1997 жылы 11,6%, 1998 жылы – 41,9%, 1999 жылы – 3,8%, 2000 жылы – 29,4%, 2001 жылы – 30%-ды құрады.
Елге келеген шетелдiк инвестициялардың үлсi жылдан –жылға артып келе жатыр. 1996 жылы оның үлесi 13%-ға, 1997 жылы – 22% және 1999-2000 жылдары – 40%-ға өстi. Жалпы 1993-2000 жылдар аралығында шетелдiк инвестицияның көлемi 12,5 млрд. долларды құрады. Көрiп отырғанымыздай инвестицияның төмендеуi экономикалық өсуде де дағдарыстық жағдайды көрсеттi. Сонымен инвестициядағы дағдарыс экономикалық өсудегi дағдарыстың бiрден-бiр басты себебi деп айтсақ болады.
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады. Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтнған экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып, экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар тауарына инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жалпы елде кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады. Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы жүйемiз ақша-несие және валюталық саясатты тоық түрде жүргiзе алмады. Осылайша 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура келдi. Осыдан бастап елiмiз экономиканы ақша-несиелiк және валюталық түрде реттей бастады, ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргiзудi қолға алды және жаппай мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру сяасаты, яғни кәсiпкерлiктi дамыту реформалары жүргiзiлдi. Бұл саясаттардың барлығын жүргiзiп, iске асырып отырған мемлекетiмiздiң Ұлттық Банкi болды.
Сөйтiп 1995 жылдан бастап экономикада жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде және қаржылық реттеудiң арқасында инфляция қарқынының төмендеуi байқалды, ал оның төмендеуi өзiмен бiрге экономикалық өсудiң белең алуына әкелдi.
Осылайша 1995 жылы жылдық инфляция деңгейi 60,3%, 1996 жылы – 28,7%, 1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%,ал өткен 2003 жыл инфляция деңгейi жоспарланған 4-6%-дан ауытқымай жалпы 5,8%-ды құрады. Елiмiз келесi жылға инфляция деңгейiн 3-5% деңгейiнде жоспарлап отыр. Бұлайша экономикада инфляция қарқынын жоспарлап отырғаны жалпы жүргiзiлген реформалардың және саясаттардың оң нәтиже бере бастағаны деп түсiнемiз. Өйткенi ел экономикасында инфляия қарқыны төмен және тұрақты деңгейiнде болып отыруы жалпы өндiрiстердi дамытуға басты себеп болып табылады.
Әлеуметтiк дағдарыс Қазақстан Республикамызда күнi бүгiнге дейiн орнын таппаған, басты шешiлмеген мәселе болып келдi. Елiмiзде 1990 жылдан бастап жаппай өндiрiстiң құлдырауымен байланысты өнеркәсiп орындары жаппай банкротқа ұшырауы және өндiрiстiң қысқаруы салдарынан жұмыссыздық жаппай орын алды. Халықтың табысы, еңбекақысы төмендеп, қоғамда кедейлiктiң өсуi орын алды. Сондай-ақ бұрынғы Кеңестңк кезендегi жүйеге үйренiп қалған халық нарықтық құрылымға бiрден ене алмады. Тiптi кейбiреулерi бұрынғыдай мемлекет жұмыс тауып бередi деп санаса, көбiсi бұрынғысынша жұмыс iстемесем де ақша табуға болады деп ойлады. Ал нарықтық экономика мүлдем мұндай емес едi, онда қаншалықты еңбек iстесен соншалықты табыс табасын.
Сондықтан Қазақстан Республикасы осы аталған экономикалық дағдарысты шешу мақсатында сол кездердің өзінде бүгінге дейін жалғасып келе жатқан көптеген даму жоспарларын және экономикалық реформаларды жүргізді. Ол реформалардың ең алғашқысы Қазақстан Республикасын әлемдік нарықта демократиялы, әрі нарықтық қатынастағы ел ретінде құру болды. Әрине, бұл реформаның тиімді және ұқыпты жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда еліміз экономикасы толықтай нарықтық қатынастарға өткен дамушы ел ретінде танылуда.
Бұл реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздылығы және ел дамуының болшағы болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырып, экономиканы демократиялау болып табылады. Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.
Ал елiмiз экономикасының толықтай түрде рыноктық қатынастарға өтуi 1991 жылдан бастап iске аса бастады. Осы кездерде рыноктық экономиканың қызмет етуiнiң ортасы болып табылатын жеке меншiктi қалыптастыру үшiн экономиканы жекешелендiру қажеттiгi туындады. Яғни, елiмiзде жаппай жекешелендiру iске асырылды. Ал бұл өз кезегiнде бүгiнде жемiсiн берiп, ұлттық экономикамыз рыноктық қатынастары дамыған, кәсiпкерлiк қызметтiң үлесi толықтай экономиканы қамтып, бәсекелiк жағдай даму үстiнде.
Елiмiз рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жоспарының қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.
Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай жекешелендiру 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау, кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол стратегияның негiзгi мақсаты отандық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi.
Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты салаларда орын алуда.
Кесте 1
Казақстан Республикасындағы 2004 жылғы кәсiпкерлiк құрылымы
Барлық кәсiпорындар | Мемлекеттiк кәсiпорын | Жеке меншiк | Мемлекет араласуымен | Бiрiккен кәсiпорын | Шетелдiк кәсiпорын | |
ҚР | 182796 | 25661 | 149473 | 1133 | 5089 | 7662 |
Шағын | 163534 | 18204 | 144381 | 708 | 4812 | 7523 |
Орта | 10674 | 6607 | 3975 | 266 | 198 | 92 |
Iрi | 2014 | 850 | 1117 | 159 | 79 | 47 |
Бүгiнде еiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы кәсiпкерлiктiң қызмет ету формасына байланысты олардың үлес салмағын келесi кестеден және Қазақстан Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре аламыз.
1.2 Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:
- Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
- Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
- Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
- Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
- Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:
- Экономиканы жекешелендiру;
- Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
- Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
- Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
- Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;
- Ауыл шаруашылығын реформалау;
- Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;
Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады. Осы елiмiздiң экономикалық өсу динамикасын келесi суреттен көре аламыз:
Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.
Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске көшiп кеткен.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер баршылық.
Ұлттық экономикадағы рыноктық қатынастардың ерекшелiгiне тоқталатын болсақ, олар келесiдей сипат алады:
· Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны елiмiзде көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн рыноктарға азық-түлiк рыноктары, коммуналдық қызмет рыногы және т.б. рыноктар жатады;
- Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi мемлекеттiк маңызы бар өнеркәсiптерде, өндiрiстiң басым салаларында, елде телекоммуникация саласында “Қаазқтелеком ААҚ” ретiнде көрiнiс тауып отыр. Сондықтан, бұл рыноктардың өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi мемлекет немесе антимонополиялық агенттiлiк қарастырады. Сондықтан бұл кәсiпорындар рыноктағы жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
- Елiмiзде рыноктың дамуымен байланысты бағалар, техологиялық жаңалықтар, ықтимал болатын пайда жөнiндегi ақпараттар ағымы дамуда;
- Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн рыноктық бәсеке қалыптасқан.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
Рыноктың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, яғни жұмыссыздық мәселесiн шешу, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Қазақстан экономикасы өтiп кеткен 14 жылда ойдағыдай рынок экономикасын құрды. Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз қысқа мерзiмнiң iшiнде рыноктық фреформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi рыноктық заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы ЖIӨ 700$-дан сәл ғана асса, ал 2004 жылы бұл шама 2700$-ға жеттi. Ал елiмiздiң болжамы бойынша 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖIӨ көлемi 5800$-дан асып түседi. Яғни, қазiргi Чехия, Польша, Малайзия, Венгрия сияқты елдердiң бүгiнгi деңгейiне, ал 2015 жылы ЖIӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi 9000$-ға жетедi деп жоспарлануда.
II ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы
Қазақстан Президенті өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті халық» деген Жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы ролі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деген еді. Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына келесілерді жатқызды:
- Экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрокритизациялау;
- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
- Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
- Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- Инфрақұрылымды дамытуды ееркше атап өтті.
Бұл Жолдауда үкімет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекомуникацияларды, элект энергиясын, темір жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады.
Сонымен қатар еліміздегі әлеуметтік сала мемлекетіміз үшін басымдықтар қатарында болып келді, оны шешуді соңғы жылдары жаппай қолға ала бастады. Оған мысал ретінде Елбасымыздың биылғы жылғы 18 ақпандағы кезекті «Қазақстан экономикалық, әлеуметттік және саяси жедел жаңару жолында» деген халыққа Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз». Осы Жолдау негізінде еліміздің әлеуметтік саласына, атап айтқанда XXI ғасыр деңгейінде білім беруде жоғары технологиялық және ғылыми негізде өндіріс үшін кадрлар қорын жасақтауды, әрбір Қазақстандық жоғары білім алуға нақтылы мүмкіндік жасауға, білім беруге гранттардың мөлшерін 50 % арттыруға, оқытушы ұстаздардың жағдайларын жақсартуға, 2008 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшуге ұсыныс жасалды.
Сонымен қатар Жолдауда ана, бала, аға ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіндігін, балалардың және аналардың өмірінің лайықты қамтамасыз етілуіне жағдай жасауды атап өтті.
Еліміздегі тұрғын үй мәселесі бойынша Елбасымыз биылғы жылдан бастап тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыратынын, тұрғын үй құрылысы біздің экономикамызды алға сүйрейтін қуатты күшке айналдыратынын анық айтты.
Жолдауда биылғы жылдан бастап іс жүзінде әрбір отбасының мүддесіне игі ықпалын тигізетін 2005-2007 жылдарға арналған Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асыра бастады. Биылғы жылы 1 шілдеден бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалықысын орта есеппен 32 пайыз көтеруді, ал 2007 жылдан бастап орта есеппен 30 пайыз көтеру, сонымен қатар 1 шілдеден бастап ең минималды жалақы деңгейі 9200 теңге құрап, студенттердің степендияларын екі жарым еседей көтеретіндігін баса айтты. Осыдан көретініміз ұлттық экономикамыздың экономикалық-әлеуметтік дамуы жылдан-жылға қарқынды даму үстінде болып келетіндігінде.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім жеті жүз доллардан ғана асса, 2004 жылы бұл көрсеткіш 2700$-ға жетті, ендеше 2005 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 3000$-ға жетеді деген шама бар. Ал экономикалық даму қарқынымыз тұарқты болып отырса, онда 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 5800$-ға жетіп, ол қазіргі Венгрия, Малайзия, Польша елдерінің бүгінгі деңгейіне жетер еді. Осылайша 2015 жылы шамамен ЖІӨ 9000$-ға жеткізуге шамамыз бар деп атап көрсетті елбасымыз.
Еліміздің даму жоспарында 2000 жылы ЖІӨ көлемін 2010 жылы екі есе ұлғайтуға жоспарлаған болатын, ал экономикамыздың тұрақты дамуы бұл шамаға жоспардан бұрын 2008 жылы жету сенімі бар. Әрине бұл жас Қазақстан Республикасы үшін зор жетістіктер болып табылады.
Бүгінгі ТМД елдері ішінде Қазақстанның Қаржы жүйесінің дамуы және жалпы экономикалық белсенділігі жағынан алғашқы орынды иеленді. Бұл өз кезегінде өткен жылдардағы экономикалық реформалардың, экономикалық жүргізілген саясаттардың, Қаржы жүйесін реформалаудың тиімді жүргізіліп, өз жемісін берудің кепілі деп түсінеміз.
Еліміздегі ақша реформасы Қазақстанда одан ары жалғасын таба үстінде. 1998 жылы теңгенi еркiн қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң экономикалық жағдайынын тұрақтала бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады.
Сонымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге соңғы жылдары тұрақты төлем құралы ғана болып қалмай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады және бүгiнгi таңда теңгемiздiң тұрақтылығы, сондай-ақ АҚШ долларына қарағанда нығаюда көрiнiп отыр. Әрине бұл жетiстiктер елiмiздiң қаржы және ақша реформаларын тиiмдi жүргiзiп, ТМД елдерi деңгейiнде елiмiздiң қаржы секторының ең қолайлы реформаланғанын көрсетiп отыр.
Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн жан-жақты қызметтер iске асуда. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуында келесiдей басты мәселелердi атап өтсек болады:
- Отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы; сондай-ақ шетелдiк тiкелей инвестициялардың 80% тек қана шикiзат өндiру саласына салынуы, ал бәсекенiң негiзi болып табылатын өңдеушi салаға және ғылыми зерттеу жұмыстарына бар жоғы 15% инвестиция тартылуда;
- Елiмiздiң өтпелi экономика кезiңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн экономика дамуына керi әсерiн тигiзуде;
- Отандық кәсiпорындардағы өндiрiс құрал –жабдықтарының табиғи және моралдық жағынан тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
- Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттап, отандық өнiмдер бәсекеге шыдай алмай отыр;
- Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы, кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
- Өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпте қызмет көрсетушi әр түрлi инжинирингтiк, инновациялық, маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың жай ғана қызметтерден аса алмауы;
- Жалпы ұлттық өнеркәсiптердi және ауыл шаруашылығының бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында ондағы кәсiпорындарды қаржыландырудың толық жетiлмеуi, соның iшiнде лизингтiк несиелеудiң ауылшаруашылығында дамымай отыруы.
Мiне осы мәселелердi шешiп, дамудың тиiмдi жолы болып табылатын бәсекелi экономиканы қалыптастыру бүгiнде елiмiз алдындағы басты қызметтiң бiрi екенi дау тудырмайды. Осы мәселені шешудің басты жолы отандық өнеркәсіпті инновациялы дамыту болып табылады. Енді осыған келесі тарауда кеңінен тоқталайық.
2.2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-нновациялы даму бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны
Қазақстан Республикасында бүгiнгi таңда экономикалық дамуында ғылымды көп қажет ететiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiң мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты азайтуға, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәiсп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiсi шамалы болып отыр және тиiсiнше өнеркәсiпте 2,8-3,2%-ды, ал жұмыспен қамтуда 12,4-14,0% -ды қамтып отыр. Бұл көрсетiлген шамалар индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
- ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;
- Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22 – 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды.
Осы мәселелердi шешу қызметi барысында стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады:
Стратегияның мiндеттерi:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдiк стандартына көшу;
- дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:
1-шi кезең – 2003-2005 жылдар, басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру.
2-шi кезең – 2005-2010 жылдар, стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады.
3-шi кезең – 2010-2015 жылдар, стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспортаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.
Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беруі.
Қорытынды
Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмiн саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлсек, бұл бiздiң дамып келе жатқан елiмiз үшiн маңызды болып табылады.
Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуне байланысты рынок құрылымдары күрделене түстi. Олардың iшiнде ұлттық экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде рынокта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы рыногы болып табылады.
Тағы да елiмiз экономикасында ауыл шаруашылығын реформалау, олард қолдау шаралары, еңбек рыногының қызметi, бағалы қағаздар рыногы, қор рыноктары тиiмдi даму үстiнде. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Осылайша бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң экономикамыздың қаншалықты рыноктық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады. Сондықтан бiз жастар бүгiннен бастап экономикалық теория толық меңгерiп, ондағы жалпы экономиканың қызмет етуi мен рыноктық экономиканың механизмдерiн толық игерiп, оларды отандық экономиканың дамуына үлес ретiнде қосуға ұмтылуымыз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы.
- Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
- Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз.
- Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
- Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
- Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi № 004 баспасөз релизi 205 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2005г.
- К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2003, №3-4.
- 2004 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәлiметтер // Банки Казахстана, №1, - 2005 г.
- Статистика 1991-2001, десять лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024