Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан капиталы қай елдерге кетіп жатыр

Қазақстан капиталы қай елдерге кетіп жатыр

2015 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан шетелге шыққан тікелей инвестиция көлемі 761,91 млн долларды құрады деп хабарлайды LS. Ұлттық банк мәліметінше, 2014 жылдың қорытындысы бойынша тікелей инвестициялар көлемі 3,244 млрд доллар көлемінде болған.

Қазақстан инвестицяларының жұмсалу көлемі бойынша бірінші ел - Ұлыбритания. Осы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық инвесторлар аталған елге 206,81 млн доллар көлемінде қаржы салған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, тікелей инвестициялар көлемі 1,514 млрд долларды құрады. Екінші орында Кипр. Қаңтар-наурыз айларында қазақстандық инвестициялар көлемі 158,54 млн долларды құрады. Өткен жылы 273 мың доллар инвестиция салынған. Қаржы алушы елдердің үштігін Нидерланд корольдігі қорытындылайды. Бұл елге жыл басынан бері 82,52 млн доллар, 2014 жылы 422,57 млн доллар жөнелтілген. Осы жылдың басында Түркияға 72,68 млн доллар инвестиция салынған. Ал өткен жылғы тікелей жеткізілім тек 6,25 млн долларды құраған еді. Бесінші орынға Германия жайғасқан. Отандастарымыз бұл елге өткен жылға қарағанда 2 есе көп қаржы салған. 2014 жылғы инвестиция көлемі - 37,61 млн доллар. 2015 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша Ресейге жіберілген тікелей инвестициялар көлемі 58,04 млн доллар болды. Дегенмен, 2014 жылы 110,75 млн доллар бағыттаған. Ирландия мен АҚШ-қа салынған инвестициялар көлемі 7 және 8 орында тұр. Қазақстан тұрғындары Ирландияға 2015 жылы 45 млн доллар, 2014 жылы 21,8 млн доллар, ал АҚШ-қа 2015 жылы 20,15 млн доллар, өткен жылы 57,52 млн доллар инвестиция жөнелткен. Ең аз қаржы көлемі Кайман аралдарына және Қытайға келеді. Жыл басынан бері Кайман аралдарына тек 15,78 млн доллар, Қытайға 7,70 млн доллар салынған. Ал 2014 жылы аралдарға 22,05 млн доллар, көрші елге 76,43 млн доллар шығарылған.

Похожие материалы