Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің судағы биологиялық қорын сақтау және тиімді пайдалану туралы келісімді бекіту туралы заңға қол қойды деп хабарлады жұма күні Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Келісім 2014 жылдың 29 қыркүйегінде Каспий жанындағы мемлекеттердің - Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан елдерінің үкіметтері арасында жасалды. Құжатқа сәйкес теңіздің судағы биоқорын - бекіре тұқымдас балықтарды, шабақтарды, итбалықтарды, сонымен қатар осы тізімге қосымша енгізілген балық түрлерін сақтау және тиімді пайдалануға арналған ортақ комиссия құрылады. Бекіре тұқымы бойынша коммерциялық кәсіп комиссия бекіткен орындарда жүзеге асырылады, бұл ретте әр мемлекет кәсіптерінің дәстүрлі әдістері ескерілетін болады. Келісім бойынша, егер елдердің бірі өз квотасын толық игере алмай жатса, ол ел квотасының қалдығын басқа төрт елге ұсыну құқығына ие.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024