Экономика
Қазақстан мұнай өндірісін қысқартуы мүмкін
Вена. 12 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан ОПЕК пен оған мүше емес елдердің келісіміне сәйкес, мұнай өндірісінің көлемін тәулігіне 20 мың баррельге дейін қысқаруы мүмкін. Бұл туралы 10 желтоқсанда Венада болған келіссіздерге сілтеме жасап Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Бірақ қысқарту деңгейі қалай есептелетіні әзірге белгісіз. Бұдан бұрын Қазақстан мұнай өндірісін қараша айындағы көлем бойынша сақтауға ниетті екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, 10 желтоқсан күні ОПЕК және оның құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдер алдағы жылдары өндірісті қысқату туралы келісімге келді, деп хабарлады
Би-би-си.
Өндірісті қысқарту туралы келісімге келгендердің қатарында Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Экваторлық Гвинея, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан Республикасы және Оңтүстік Судан Республикасы бар.
Әлемдік агенттіктердің мәліметінше, 11 ел бойынша мұнайдың өндірісі тәулігіне 558 мың баррельге дейін қысқаратын болады. Ал ОПЕК елдері тәулігіне 33,6 млн баррель мұнай өндіреді. Келісімге сәйкес, олардың өндірісі 4,5%-ға, ал әлем бойынша 1%-ға қысқарады.