Қазақстан мен Венгрия агроөндірістік кешенді қолдау үшін тікелей инвестициялар қорын құрмақшы. Бұл туралы ҚР-ның ауыл шаруашылық министрі А.Мамытбековтің Венгриядағы әріптесі Шандор Фазекаштың кездесуінен кейін белгілі болды.
"Кездесу кезінде Венгриядан ірі қараны экспорттау сұрақтары мен Қазақстан-Венгрияның тікелей инвестиция қорын құру мәселесі талқыланды" , - делінген ҚР-ның ауыл шаруашылық ведомствасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Будапешт қаласында " "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-мен Венгрияның Экспортты-импортты банкінің арасында қор құру кезіндегі түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Қордың мақсаты - Қазақстанның агроөндірістік кешеніндегі жобаларға инвестиция салу. Негізгі капиталы 40 млн долларды құрайды. " "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-мен Венгрияның Экспортты-импортты банкінің әрқайсысында 50 пайыздық үлес бар.
Осы арада венгерлік "Витафорт" компаниясы Қазақстанның жануарларға беретін азық өндірісі мен сүт өнімдері саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Қазір компания елдегі нарыққа зерттеу жүргізуде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024