Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Бүгін сағат 10:47-де Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан, Өзбекстан аумағында жер сілкінісі сезілді.
Еуропалық жерортатеңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтының ақпаратынша зілзала ошағы Тәжікстан аумағында, Душанбеден 249 шақырым, Өзбекстанның Ферғана қаласынан 111 шақырым жерде болған.
Алдын-ала ақпарат бойынша дүмпу 10 шақырым тереңдікте, 5,7 балл шамасында болған.
Қырғызстандық sputnik.kg сайтының мәліметінше жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында болған. Алайда бұл туралы Қазақстандық жер сілкінісін зерттейтін ұйымдарда ақпарат жоқ.
Жер сілкінісі Жамбыл облысының Мерке ауданы аумағында 3-4 балл, Алматыда 2 балл шамасында сезілген. Сондай-ақ әлеуметтік желіде Шымкент тұрғындары да жер сілкінісі айтарлықтай сезілгенін жазуда.
Қирау, адам шығыны туралы ақпарат жоқ.
Дінмұхаммед Алдаберген
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024