Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аумағында жер сілкінді

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аумағында жер сілкінді

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Бүгін сағат 10:47-де Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстан, Өзбекстан аумағында жер сілкінісі сезілді.

Еуропалық жерортатеңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтының ақпаратынша зілзала ошағы Тәжікстан аумағында, Душанбеден 249 шақырым, Өзбекстанның Ферғана қаласынан 111 шақырым жерде болған.

Алдын-ала ақпарат бойынша дүмпу 10 шақырым тереңдікте, 5,7 балл шамасында болған.

Қырғызстандық sputnik.kg сайтының мәліметінше жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысында болған. Алайда бұл туралы Қазақстандық жер сілкінісін зерттейтін ұйымдарда ақпарат жоқ.

Жер сілкінісі Жамбыл облысының Мерке ауданы аумағында 3-4 балл, Алматыда 2 балл шамасында сезілген. Сондай-ақ әлеуметтік желіде Шымкент тұрғындары да жер сілкінісі айтарлықтай сезілгенін жазуда.

Қирау, адам шығыны туралы ақпарат жоқ.

Дінмұхаммед Алдаберген

Похожие материалы