Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан мен Әзербайжан арасында ынтымақтастықты нығайту мақсатында жаңа хаттама әзірленді. Бұл хаттама ақпарат алмасуды кеңейту жолымен екі мемлекеттің салық қызметтерінің ынтымақтастығын дамытып, салықтан жалтарулар мен Конвенция ережелерін теріс пайдаланулар болған кезде ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Хаттамада «Қазақстан» және «Әзербайжан» (ҚР СІМ ұсынған редакцияға сәйкес) терминдеріне өзгерістер енгізілді, салықтардың атаулары жаңартылды, уағдаласушы мемлекеттердегі резиденттікті анықтауды реттейтін баптың ережелері нақтыланды және басқа да өзгерістер енгізілді.
«Екі мемлекет арасында салық салу мәселелерінде заңнамалық база ретінде осы Хаттаманың рөлі маңызды екенін атап өткім келеді” , - дейді ҚР қаржы министрі Б. Сұлтанов.
Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 3,2 млрд АҚШ долларын құрады.
Қазақстандық экспорттың негізгі баптары бидай, битум тектес түрлерінен алынған шикі мұнай өнімдері және темірден жасалатын тегіс илем болып есептеледі.
Импорт құрылымында қант, орман жаңғақтары басым.
Сонымен бірге, соңғы 10 жылда Әзербайжаннан Қазақстан Республикасына инвестициялар 168,7 млн АҚШ долларын құрады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024