Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің экономикалық қарым-қатынастары
Мемлекеттік атауы - Норвегия Корольдігі
Астанасы - Осло (750 мың тұрғыны бар).
Жер көлемі - 385,2 мың км2 . Шпицберген архипелагы мен Ян- Майен аралын қоса есептегенде.
Басты қалалары - Берген, Тронхейн, Ставангер.
Халқы - 4,554 млн. адам. 95% - норвегтер, басқа ұлт өкілдері саамминдер, квендер және финдер - 2,5 құрайды.
Ұлттық мейрамы - 17 мамыр Конституция күні.
Ақша бірлігі – норвег кроны
Әкімшілік – терриориялық құрылысы жағынан Норвегия 19 фюлькеге бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы: Норвегия Корольдігі - Конституциялық Монархия. Ең алғаш Конституциясы 1814 жылы 17 мамырда қабылдады.
Мемлекет басшысы – король. 1991 жылдың 21 қаңтарынан бастап Норвегия королі басқаратын болды.
Солтүстік Еуропаның құрамына Швеция, Финляндия, Норвегия, Дания және Исландия кіреді. Оның қазіргі саяси картасы кескінінің қалыптасуы ХХ ғасырдың бас кезінде аяқталды.
І тарау Табиғат жағдайлары.Шаруашылық салалары мен халқы
І.1 Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Норвегия ХІІ ғасырға дейін жеке мемлекет болып, содан кейін алғашында Даниямен, кейіннен Швециямен бірігіп, тек 1905 жылғы референдум нәтижесінде өз дербестігін жариялады. Ресей империясының құрамында болған Финляндия ондағы революцияларға байланысты 1917 жылдың соңында ғана тәуелсіздік алды. Ал Дания бодандығындағы Исландияның саяси картада дүниеге келуі - 1918 жыл. Қазіргі Норвегия құрамындағы Шпицберген аралының ерекше мәртебелік жағдайы 1920 жылы анықталды.
Норвегия теңіздік шекараларының аса ұзындығымен сипатталады. Сыртқы және ішкі байланыстарында , әсіресе Балтық және Солтүстік теңіздерінің тарихи маңызы ерекше. Осы себепті халқының негізгі орналасуы теңіз жағалауына сәйкес келеді, шаруашылық іс - әрекеттерінде де теңіздің ықпалы орасан зор. Мұнда мұз басу дәуірі кезінде өзіне тән жер бедері қалыптасқа. Мысалы, тік шатқалды, ені тар шығанақтар – фьордтар, жағалауында көптеген жартасты ұсақ аралдар – шхерлар, шоңғалды өзендер мен батпақтанған көл қазаншұңқырлары бар.
Жер аумағы негізінен, екі түрлі агроклиматтық - суық және салқын белдеуде жатыр. Геологиялық құрылысына байланысты Еуропа көлемінде пайдалы қазбаларға біршама бай келеді. Мұнда тас көмір, темір, полиметалл кендері Норвегияда мыс және басқа да түсті металдар, сол сияқты слюда, гранит және мәрмәр тастар кездеседі. 1960 жылдары ашылған Солтүстік теңіз қайраңындағы мұнай мен газ кен орындарының маңызы зор, ондағы норвег және дат секторларынан осы аймақ елдеріне мүнай және газ құбырлары тартылған.
Норвегия минерал шикізаттарымен қатар, орман және су ресурстарына аса бай. Еуропаның орман ресурстарынң 1\3 бөлігі Фенноскандияда, мұндағы ағаш сүрегінің жалпы қоры 5 млрд.3 – ден асады. Ең жоғары мөлшерде сумен қамтамасыз етілген аймақ. Осынау табиғи байлықтары мен табиғат жағдайлары, олардың географиялық орналасуының тұтастығы мен халқының өмір сүру деңгейлерінің жоғарылығы тән жалпы ортақ белгілер болып табылады.
І.2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Норвегия жер аумағы, бүкіл Еуропа дүние бөлігінің 4 % - дан астамын алып жатса да оның халқыны жалпы санының 3,5%- ын ғана құрайды. Шетелдік Еуропадағы халық аса сирек қоныстанған аймақ болып табылады. Тарихи даму ерекшелігі мен табиғат жағдайларының қаталдығына байланысты, оның халқының басым бөлігі оңтүстік аудандарына шоғырланған.
Ондағы елдердің ұлттық құрамы бірыңғай, яғни бірұлтты мемлекеттер.Әрбір елде негізгі ұлттың басымдылығы ( 90%- дан астам ) айқын байқалады. Мемлекеттік тіл атауы ұлттар тілі болып саналады. Аз ұлттар ішінен оның солтүстігін мекендейтін самилар ( лопари ) көзге түседі, сол сияқты жұмыс күші ретінде еңбекке тартылған эмиграннтар ( Оңтүстік Еуропа елдері және т.б аймақтардан ) бар. Тілдік жағынан біртекті: үндіеуропа тіл семьясының гермен ( швед, дат, норвег, исланд және фарерлар ) және орал тіл семьясының фин- угор ( фин, саами, карелдер ) тобына жататын халықтар.
Халқының басым бөлігі христиан дінінің протестанттық тармағын ұстанады. Аймақтың негізгі халықтары көп жағдайда өзіндік рухани және материалдық мәдениетін сақтаған.
Аймақ елдерінде қала халқының үлесі жоғары, мұнда кіші қалалар мен кенттер басым. Орта және ірі қалаларының барлығы дерлік теңіз жағалауларында орналасқан. Ел астаналары өте маңызды теңіз порты болумен қатар, олар халық санының мөлшері мен экономикалық қуаты жағынан да ондағы аса үлкен қалалар.
Халқының өмір сүру сапасы жоғары, ХІӨ өндіруді жан басына шаққанда дүние жүзіндегі алдыңғы орында . Еңбекпен шұғылданатын халықтың басым бөлігі қызмет көрсету салаларында, сол сияқты өнеркәсіпте жұмыс істейді.
Халқының табиғи өсімі төмен, мұндағы жалпы халықтың құрамында егде адамдардың үлесі көп және адамдардың орта жасының ұзақтығы жағынандүние жүзіндегі ең жоғарғы көрсеткішті аймақ. Осы себепті бұл аймақ өзіне, басқа елдерден қоныс аударушыларды қызықтыруда. Норвегияның сыртқы және ішкі саясатында көші-қон жағдайы аса келелі мәселе болып табылады.
І.3 Жалпы шаруашылығына сипаттама
Солтүстік Еуропа елдерінің ЖІӨ өндірудегі экономикасынң салалық құрылымына келсек, олардың да дамыған елдер деңгейін көрсететіні анық байқалады.
ЖІӨ өндірудегі экономиканың негізгі секторлары ішінен Норвегияда бірінші қатардағы сфераның ( ауыл және орман шаруашылығы ) үлесінің аздығын, екінші қатардағылардың ( өнеркәсіп пен құрылыс ) біршама екендігін, әсіресе үшінші қатардағы ( қызмет көрсету салалары ) сфераның үлесінің аса ауқымдылығын байқауға болады. Әрі оның өтпелі экономикалы ТМД елдерінен бұл жағынан үлкен айырмашылығы айқын байқалады.
Өзінің табиғат байлықтарымен біршама жақсы қамтамасыз етілумен қатар, аймақ елдері озық технологияны, ғылымды және жоғары маманданған еңбекті қажет ететін өнімдер шығару арқылы дүние жүзілік шаруашылықта көрнекті орын алады. Олар дәстүрлі балық және орман шаруашылығымен, отын және минералды қазбалар өндірумен айналыса отырып, қазіргі заманғы жаңа салаларды ( машина жасау, жоғары технология, әрқилы қызмет көрсету ) барынша дамыту арқылы жоғары сапалы дайын өнімдер шығаруда.
Еуропадағы су ресурстарының негізгі әлеуеті осында орналасқан, мұндағы электр энергиясының басым бөлігі су электр станцияларында өндіріледі, сол сияқты атом және жылу электр станциялары бар. Норвегия мен Швеция жан басына шаққанда жалпы электр энергиясын тұтыну деңгейі бойынша дүние жүзінде бірінші және екінші орындарды бөліседі. Осыған байланысты электрометаллургия және электрохимия өнеркәсібі жақсы дамыған. Олар жоғары сапалы болат, ферроқорытпалар мен түсті метал өнімдерін, сол сияқты аммоний, химиялық талшықтар, пластмассалар, смолалар т.б береді. Осы өнімдерге негізделген елде машина жасау ( кеме жасау, автомобиль, радио және электротехникалық өнеркәсіп, электронды есептегіш машиналарын, станок аспап жасау т.б) салалары қалыптасқан.
Бұл аймақ бұрындары өте бай орман ( Швеция, Норвегия, Финляндия ) қорларына байланысты ағаш сүрегін дайындау ( жылына 100 млн. астам ) және оны сатумен айналысса, қазір оның дайын өнімдерін шығаруға негізделген ағаш өңдеу және целлюлоза - қағаз өнеркәсібі өркендеген.
Дүние жүзілік рынокта мұнда жасалынған ағаш бұйымдары мен тілінген материалдар, жиһаздар мен даяр үйлер, қағаз бен картонда сапалығы жағынан аса жлғары бағаланады. Мұнда ағаш – химия өнеркәсібі жақсы дамыған.
Сонымен қатар, әсіресе Норвегияда мұнай және газ өнеркәсібінде негізделген көмірсутек - химия өнеркәсібі өркендеуде. Бұл ел мұнай ( жылына 150 млн. т жуық ) мен газ ( 30 млрд.3 – ден аса ) өндіруде Еуропа көлемінде алдыңғы орында.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі көбінесе елдің оңтүстік бөліктерінде жақсы дамыған. Олар, негізінен ( тоқыма, былғары, тігін, т.б ) ішкі рынокқа негізделген. Ал тамақ өнеркәсібінің жетекші саласы балық өнімдіерін өндіру болып табылады. Бұл аймақтың барлық мемлекеттері шетке балық және оның өнімдерін өндіру болып табылады. Бұл аймақтың барлық мемлекеттері шетке балық және оның өнімдерін шығарады. Норвегия кит аулаумен де көзге түседі.
Ауыл шаруашылығының маманнданған салалары сүтті –етті бағыттағы мал шаруашылығы. Саамилер бұғы өсірумен айналысады. Егіншілік, негізінен, мал шаруашылығының қажетін өтеуге бағытталған.
Норвегия мал азықтық және дәнді дақылдар ( қара бидай, арпа, сұлы ), картоп егуменен қатар, оның көп бөлігін әсіресе астықты шеттен әкеледі. Қала маңы шаруашылығы біршама дамыған.
Солтүстік Еуропа елдерінде су көлігінің маңызы аса үлкен. Әсіресе, Норвегия сауда флотының тоннажы бойынша және теңіз жүк тасымалы жағынан ерекше көзге түседі. Су көлігі сыртқы экономикалқы байланыстарда аас кеңінен пайдаланылады. Ішкі жүк айналымыныдарында автомобиль және темір жол көлігінің маңызы зор, темір жолдарының көбі электрлендірілген. Сыртқы жолаушылар тасымалды әуе көлігі кеңінен пайдаланылады.
Норвегия үшін сыртқы сауданың аса үлкен маңызы бар. Ол сыртқы дәстүрлі балық, ағаш, кен, мұнай мен газ шығарумен қатар олардың жоғары сапалы дайын өнімдерін де ( машина жасау, жоғары технологиялар, әр түрлі қызмет көрсету, аэрокосмостық құрылғылар, компьтер және коммуникация құрылғылары, жиһаздар ) экспорттауда.
2007 жылы Норвегияда ЖІӨ - 324 млрд.$ құрады. Жан басына шаққанда - 70400 $ құрайды. 2007 жылы инфляция - 2,6% болды. Негізгі сауда әріптестері: АҚШ, Жапония және ТМД мен балтық маңының елдері, оның ішінде Норвегиямен өте тығыз экономикалық байланыс орнатқан.
ІІ тарау Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігінің қарым-қатынастары
ІІ.1 Дипломатиялық қатынастар
90-жылдардың бас кезінде Мәскеу қаласындағы Норвегия Корольдігінің Елшілігі, сондай – ақ басқа да Орталық Азия елдерінде елшілікті қоса атқарды. Норвегия Елшісінің қазақстанда өкілеттіктері болды. Норвегиягың бірінші Елшісі өзінің мандатын тапсырған.
Ол кезде Ұлыбританиядағы қазақстан елшісі Норвегияда өкілеттілікке ие болатын. Статойл Норвегияда Қазақстанның Елшілерімен кездесуге жақсы мүмкіндіктер берді.
Кейіннен, 2004 жылы Осло қаласында Қазақстан өзінің Елшілігін ашты, оны істерде Уақытша Сенім білдірілген өкіл басқарды. Сонымен, Қазақстан – Норвегия қатынастарында, оның ішінде Елшілік Норвегия азаматтарына қазақстандық визаларды бере бастағанда осындай алға қарай ірі қадам жасалды. Бүгінгі таңда, Ослодағы Қазақсатн Елшілігімен тығыз байланыс жасайды.
Норвегия бұл орайда әлі де соншалықты алға озып кете қойған жоқ, бірақ бұл жақын арада болады деп үміттенеміз.
Қазақстандағы Норвегияның Құрметті Консульдығы Норвегияға және шенген облысына виза бере алмайды. Осыған байланысты Норвегия Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Нидерланды Сыртқы істер министрлігімен Келісім жасады, соның негізінде Алматыдағы Нидерландтардың Елшілігі мен Консуль бөлімі Қазақсатн азаматтарына Норвегияға және Шенген облысына виза беру құқығына ие болды.
1992 жылыдң 2 қаңтарында Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсізідіген мойындады. 1992 жылдың бесінші маусымында дипломатиялық қатынастар басталды. 21 маусым күні 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысы бойынша Норвегияның Осло қаласында елшілігі ашылды.
Екі мемлекет арасындағы халықаралық байланыстар 2-4 сәуір аралығында 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевты Норвегия Королі арнайы шақыртты. Бұл сапарда Қазақстандық делегация Король Харальдпен, премьер – министр И. Столтенберг, Парламент президенті Х. Россьордпен кездесті. Онда Қазақстан Республикасының саясаты туралы лекциялар оқылды. Екі мемлекет арсындағы кездесуде Қазақстанның дүние жүзілік ұйымдарға кіруін және Қазақстанда кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту керек деп осы отырыста Норвегиялық эксперименттер айтылды. Норвегия Қазақстанның мұнай –газ кен орындарын барлауға өз компаниясын ұсынды. Бұл сапарда « Дөңгелек стол » өтті. Ол да Норвегиялық 13 компания ұсынылды, олардың негізгі қызметі мұнай мен газ , теле коммуникация, туризмді дамытуға арналған проектілер және құрылыс материалдары. Мемлекеттер арасындағы, яғни Қазақ – Норвегия қарым - қатынасының басты фундаменті кедесуі өтті. Көптеген құжаттарға қол қойылды, Норвегиялық компаниялар өз қаржыларын Қазақстанға құйды.
2002 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан – Норвегия елшілері арасындағы халықаралық Конференция өтті. Басты мақсаи Семей аймағындағы халықтардың денсаулығына көңіл бөлу және сол аймақтың экологиялық проектісі салынды.
2004 жылдың 25-26 мамырында Премьер - Министр К. Бондебек Қазақстанға аранйы шақыртумен келді. Екі мемлекет арасындағы тауар және экономикалық кәсіпкерлікті дамытуға арналған құжаттарға қол қойылды. Астанада Норвегия Корольдігінің Елшілігінң ашылу салтанатын К. Бондебек қатысты.
2007 жылдан бастап СІМ Норвегия – Қазақстан республикасындағы Норвегия Корольдігінің Елшісі етіп Мэрт Конхеймді тағайындады. Ол « Көшпелі елші» деген атаумен жұмыс істейді; Ослода тұрады. Қазақстанға жиі келеді . Мэрт Конхейм бұдан бұрын Норвегияның Венадағы ЕҚЫҰ – да , сондай- ақ Прагада елші болған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2001 жылдың сәуірдің басында Норвегияға ресми сапармен барды. Сапар кезінде ол Норвегияның Королі Гарльдпен және Премьер – Мнистр Йенс Столтенбергпен кездесті. Норвегияның Премьер – Министрі Хьел Магне Бондевик Астанаға 2004 жылдың мамырында келді, онда ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі Даниал Ахметовпен кездесті. Соның нәтижесінде екі маңызды құжатқа қол қойылды; Норвегия Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық қатынастарды және ынтмақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі Бірлескен Декларация және Норвегия Корольдігі және Қазақстан Республикасының арасындағы мүнай және газ саласындағы диалог пен ынтмақтастық туралы Бірлеске Мәлімдеме.
Премьер – Министр Х.Бондевик өзінің сапары кезінде сондай –ақ Астанада Норвегияның Құрметті Консулдығы мен Статойл офисінің ресми ашылуын өткізді. Оған Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев «ҚазМұнайгаз» президенті және « Статойл » президенті қатысты. Осы аталған кездесулерден басқа , Үкіметтік деңгейдегі өзге де сапарлар болды. Бірінші сапар, 1993 жылы жасалды, онда Қазақстанның мұнай, газ және энергоресурстары министрі Қ.Байкенов Норвегияға барған болатын, ал оның әріптесі сол кездегі Норвегияның мұнай және энергетика министрі Йенс Столтенберг осы жылы Қазақстанда болды.
Жақында кәсіби техникалық білім беру саласындағы Рогланд округінің оқыту және білім беру орталығы ( RKK ) және Қазақстан Республикасы білім беру және ғлым министрлігі арасындағы ынтмақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім 2007 жылдың 2 тоқсанынан бастап күшіне енеді және бұл құжат 2010 жылыдң аяғына дейін әрекет ететін болады, бұл орайда ол бұдан бұрынғы өзара түсінік меморандусын алмастырады. Келісім төрт басты салаға бөлінген; біріншісі, кәсіби білім беру және қайта даярлаудың бағдарламаларын дамыту және жетілдіру, екіншісі, кәсіби – техникалық білім беру жүйесіне және техникалық және қамтушы қызметкерлерді қайта даярлауды басқару Білім беру жүйесі мен өнеркәсіптің арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту саласындағы Норвегиялық кәсіби білім берудің оң тәжірибелерін пайдалану, үшіншісі оқытудың инновациялық әдістерін және ақпараттық коммуникативтік технологияларды енгізу, төртіншісі кеңес берушілік пен қолдау көрсету.
ІІ.2 Сауда – экономикалық қатынастары
2007 жыл тауар айналымы Қазақстан Республикасы мен Норвегия арасында 34,8 млн. $ қазақстандық 8,3 млн. $ , импорт 26,5 млн. $ құрады. Ал 2007 жыл жалпы тауар айналым 23,9 млн. $ болған. Норвегиялан импорт химия өнімдері, жиһаз, компьтер және телекоммуникация технологиялары Қазақстанға 10 -ға жуық Норвегиялық компаниялар келді. Олар ; Статойл, Норск Гидро, Теленар Интернешни , Акер - Маритайм , НераАса, Инсток, Интернет 5.
2004 жылдың қаңтарында « Статойл » компаниясы Астана қаласында Норвегия Елшілігінің ашылуына өз үлесін қосты. 1998 жылда Норвегиялық фирма «Нера», «Қазақтелеком» ұсынған тендерді ұтып алды. « Алматы, Балхаш, Қарағанды » арасындағы радио сымтетігін салуға арналған тендер оған 4 млн. $ қаржы құйылды және 2000 жылы бітірді. “ PGS” компаниясы Қазақстанда 1996 жылдан бері геологиялық барлау жұмысында қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде “ PGS” компаниясы «Қазақстан-Каспий шельф» пен « Данк » компаниясымен бірге қайраңның өтпелі зонасында сейсмикалық зерртеулер жүргізіп жатыр.
Норвегиялық байланыс компаниясы « Уникорн » Литва арқылы байланысты жоғарылату.
Халықтық жұмыс министрінің есебі бойынша гуманитарлық және қаржы арасындағы байланыс 1994-2000 жыл Қазақстанға Норвегия тарапынан бөлінген грант 1,2 млн. $ қамтыды.
11 наурыз 2005 жылы Осло қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі МИИТ « Орта және кіші кәсіпкерліктің даму қоры» мен «инновациялық фондтан» тұратын Қазақстан Республикасының өкілдері Қазақстан-Норвегия семинарында « Кіші және орта кәсіпті дамытудың Норвегиялық тәжірибесі» басын қосты. Норвегия тарапынан іс- шараға фонда өкілдері қатысты «Норвегиялық инновация » Индусрия және сауда министрі МИИТ, Норвегияның барлау кеңесі, мұнай- газ « Инсток » , Норвегия кеңесі « Теленор» телекоммуникация компаниясы т.б орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту яғни, туризм , металлургия және интернеттік қызмет көрсету орталығы қатысты.
Семинарлық кеңеске Қазақстандық делегация Норвегияның қазіргі инновациялық саясатымен, осы облыстардағы кіші және орта кәсіпкерлік мемлекетте 360 мыңнан астам кәсіпкелік - құрылыс орталықтары бар. Басты назарды өзіне аударған инкубаторлық және технопарк, кластерлік жүйе ол мұнай- газ және металлургия және туризмнің инфрақұрылыстың әртүрлілігі. Қазақстан Республикасының делегациясы « Пейфнесс» паркіне барды. Бұл парк өте жоғары деңгейде безендірілген. Бұл семинарда инновациялық программасы, орта және кіщі кәсіпкерлікті дамытудан басқа қазіргі жалпы проблемаларды шешу.
14 мамыр 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламент сенатының төрағасы Қ. Тоқаев Норвегия Корольдігі Стортингінің депутаты , ЕҚЫҰ парламент ассамблеясы жанындағы Норвегия делегациясының басшысы Мортен Когундты қабылдады.
Қ. Тоқаев Қазақстан - Норвегия қатынастарының серпінді дамып келе жатқанынын атап өтті және екі жақты ынтмақтастық және ЕҚЫҰ парламент ассамблеясы аясында парламент аралық байланыстарды одна әрі жандандыруға ықылас білдірді.
Норвегиялық депутат Қазақстан Республикасының 2009 жылы ЕҚЫҰ - ға төрағалық ету кандидатурасын қолдайтынын растады және ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының жыл сайынға 17 – ші сессиясын 2008 жылдың шілде айында Қазақстанда өткізудің маңыздылығын атап көрсетті.
ІІ.3 Дамушы іскерлік ынтымақтастық
Ұлттық жалпы өнімді, экспортты, ұлттық бюджетті дамыту және екі ел азаматтарының өмі сүру деңгейін жақсарту үшін мұнай мен газ Қазақстан үшін де, Норвегия үшін де маңызды бизнес секторлары болып табылады. Демек, екі елдің бизнес компаниялары мен билік органдары аталған салада тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың әлеуетін тапқан.
Норвегияның 100% ұлттық компаниясы болып табылатын Статойл бизнесті жүргізуге мүмкіндік іздеу мақсатымен Қазақстанға 1991 жылы келген болатын.
Қазақстандық ұлттық мұнай компанияларымен тығыз ынтмақтастықты дамыту қажеттігіне көздері жетті. Осыған орай Қазақстан Каспиан Шельф компаниясымен 1994 жылдан 1997 жылға дейін ҚКШ Консорциумы арқылы, ал 1998 жылдан бастап ОКМОК Консорциумымен әріптес болып келеді.
Тарихи себептерге байланысты, Стойлдың ОКМОК Консорциумында шағын үлесі бар. 2000 жылы Консорциумдағы оператордың жалғыз компаниясы атағына бірден – бір кандидат болу үшін бұл үлесті көбейтуге күш салған болатын. Өкінішке орай, бұл мақсатқа әлі қол жеткізе қойған жоқ.
2001 жылдың басында Статойл өзінің акцияларын сатып ,басқа мүмкіндіктерді іздестіруге шешім қабылдады. Алға қойған мақсаты үлкен үлеспен жобаның қатысушысы болу, сонда оператордың рөлін атқара алады немесе ең тиімдісі Қазақойлдың бірлескен операторлығына қол жеткізу. Содан арада бірнеше айлар өткеннен соң, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Норвегияға барған сапарында бұл идеяларды қолдады. Қазақойл мен Статойл арасындағы ынтмақтасу ниеттері туралы алғашқы хатқа 2001 жылдың мамырында қол қойылды.
Екі ұлттық мұнай компаниялары арасындағы стратегиялық ынтмақтастық 2004 жылы қол жеткізу мұнай және газ туралы бірлескен Мәлімдемеде мұнай мен газ саласында Қазақстан мен Норвегияның арасындағы жан – жақты ынтымақтастықтың маңызды элементі болып айқындалады.
Елдер арасындағы дамушы іскерлік ынтмақтастық Статойлға қарағанда әлдеқайда ауқымды сипат алып келеді. Айбел, DNV , Айкер Кварнер тәрізді норвегиялық компаниялар қазақстандық нарықта қарқынды жұмыс істеуде.
Атырауда орналасқан мұнай – газ инжинирингтік компания Айбел бірнеше жылдан бері қарай белсенді қызмет атқарып кенледі. Аталған компанияда 100 адам жұмыс істейді., оның 80-90% жергілікті қызметкерлер. Ол сонымен қатар халықаралық нарықта да жұмыс істейді. Басқалар үшін олардың жергілікті инженерлерді оқытып – үйрету мен қайта даярлау әдісі үлгі болып табылады.
DNV өзінің офисін Астанада өткен жылы ашқан болатын. Ол ең үлкен және бүкіл әлемдік ұйымның бірі бола отырып, өзінің қызметін мұнай бизнесінде менеджмент, сертификаттау қызметін көрсету және басмқа да кеңес беру қызметтерін жүзеге асыру арқылы кеңейтті.
Ослода бас офисі бар Айкер Кварнер әлемдегі ең ірі инженерлік - құрылыс компаниялырының бірі болып табылады. Ол қашаған кен орнының бірінші кезеңіне арналған алты үлкен үдерістік баржыларды жеткізумен айналысады. Бұл компания сонымен қатар Аджип КСО – мен бас құрастыру келісімшартын жеңіп алды ( барлық оффшорлық бөлшектерді жинауды білдіреді ). Ол жақында ғана Атырауда офисін ашты, және жуық арада өңірдегі басты компанияға әрі жұмыс берушіге айналды, сондай – ақ басқа жердегі әзірлеу жұмыстарына да тартылады.
Басқа Норвегиялық компаниялар Қазақстанның мұнай – газ секторында келісім – шарт жасауға күш салуда және өздерінің тәжірибелерімен жкргілікті әріптестерімен бөлісіге дайын. Олардың кейбіреуі офистер мен өкілдіктер ашуда жоспарлауда.
Сонымен қатар мұнай мен газ бизнесінен тыс екі жақты ынтмақтастықты да назарда ұстай аламыз. Мысалы, лососьтің әр түрлерін импорт түрінде әкелу идеясын ұсынды.
ІІ.4 Мәдени – гуманитарлық қатынастар
ЮНЕСКО және Норвегияның жоспары бойынша Тамғалыны қорғау. 2002 жылдың 21 ақпан мен 1 наурыз арлығында Осло қаласында көрме сурет галереясы өтті. Онда Семейдің трагедиялық жағдайы, Семей ядролық полигоны аймағында тұратын халықтың жағдайы көрсетлген. Салтанатты ашуға Норвегиялық мұнай – газ компаниясы Статойл демеуші болды.
2005 жылдың 27 ақпан мен төртінші ақпан аралығында Норвегиялық делегация Қазақстанға келді. Делегацияны Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, Ғылым және Білім министрі, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері, « ҚазМұнайгаз » Президенті, Қазақ - Британ Техникалық Университетінің ректоры қатысты. Басты мақсат Норвегияның мұнайды өңдеу және барлау жұмыстарының озық тәжірибелерін меңгеру туралы лекцияларды оқу. Қазіргі заманғы оқық технологиялармен мұнайды өндіру.
2007 жылдың 9 мамырында Ослода Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің алпыс екі жылдығына байланысты «Норвегия сіздерге қарыздар » монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Монумент Норвегияны фашистерден азат еткен, Кеңес әскерінің солдаттарына ескерткіш ретінде тұрығызылған. Монументке Норвегияда тіркелген Қазақстан, Ресей және Украина дипломатиялық өкілдерінің басшылары гүл шоқтарын қойды.
Нақтыланған деректер бойынша, Норвегияда фашистік оккупациядан азат ету кезінде он үш мыңнан аса Кеңес жауынгерлері қаза тапқан.
Қазір Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы Норвегияны азат етуде өмірлерін қиған Қазақстандық жауынгерлерінің тізімін жасау бойынша жұмыстар дүргізілуде.
2007 жылдың 16 маусым айында - Economist Intelligence Unit сарапшалары сыртқы және ішкі саясаттың 24 индикаторы көрсеткіші негізінде 121 елдің Жаһандық бейбітшілік индексін жасады. Тізімнің басында Норвегия ең бейбітшіл мемлекет болып танылған. Қазақстан Республикасы 61 – орын алды. Тізімнің соңында - Ирак.
Қорытынды
1992 жылдың 2 қаңтарында Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсізідіген мойындады. 1992 жылдың бесінші маусымында дипломатиялық қатынастар басталды. 21 маусым күні 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысы бойынша Норвегияның Осло қаласында елшілігі ашылды.
2007 жылдың 2 тоқсанынан бастап күшіне енген және 2010 жылдың аяғына дейін әрекет ететін құжатқа қол қойылды. Келісім төрт басты салаға бөлінген; біріншісі, кәсіби білім беру және қайта даярлаудың бағдарламаларын дамыту және жетілдіру, екіншісі, кәсіби – техникалық білім беру жүйесіне және техникалық және қамтушы қызметкерлерді қайта даярлауды басқару Білім беру жүйесі мен өнеркәсіптің арасындағы серіктестік қатынастарды дамыту саласындағы Норвегиялық кәсіби білім берудің оң тәжірибелерін пайдалану, үшіншісі оқытудың инновациялық әдістерін және ақпараттық коммуникативтік технологияларды енгізу, төртіншісі кеңес берушілік пен қолдау көрсету.
Елдер арасындағы дамушы іскерлік ынтмақтастық Статойлға қарағанда әлдеқайда ауқымды сипат алып келеді. Айбел, DNV , Айкер Кварнер тәрізді норвегиялық компаниялар қазақстандық нарықта қарқынды жұмыс істеуде.
Пайдаланған әдебиеттер
- Токаев К «Казахстанская дипломатия впервые итоги, новые задачи» Мысль, 1995 г., 285б [ 94-98 с]
2. Родионова И.А., Холина В.Н «Политическая картина мира » М,1995 г., 213б [ 56 – 58с]
3.Назарбаев Н.А «На пороге ХХІ века» Алматы, 1995 г., 326 б [ 117-128с]
- Ә.Бейсенова « География »А. « Рауан » 295 бет [184-187с]
- «География және табиғат» 2003 №7 78бет [45-49с]
- В.П.Максаковский «География» оқулық 255б /38-43с/
- Ю.В.Бромлей., Р.Г.Подольный «Человечество-это народы» М; «Мысль» 1990г., 203б /67-69с/
8.Гаджиев К.С « Геополитика» М, 1997., 280 б [ 13-17 с]
- Алтухов В. О смене порядков в мировом общественном развитии // МЭНО. 1995 г., 420 б., [ 218-222с]
- Хлюпкин В. Казахстан в геополитическом измерении // Мысль 1996г., 210 б [ 98-101с]
- Слука А.Е Территориальные экономические диспропорции в странах Европейского союза и их динасмика Вестник., М 1996г., 356 б [ 75- 81с]
- Слука А.Е Население Западной Европы М., 1994г., 280 б [ 219-224с]
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024