Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр. Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді. Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының және сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады. Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті. Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шелетдік валютаны және шетелдік валютадағы сату-сатып алу жөніндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйсі. Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрған мәселелердің бірі – теңгенің айырбастымдылығы. Бір жағынан теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақтсанның дүние жүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушы бола алмауна жеткілікті. Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алады. Еліміздің комерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта тулары заңдар қарама-қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұру мен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық эономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы бақылауы – қоғамдық жиынтық өнімнің белгілі бір мақсаттарға жұмсалатын тиісті қаражат қорларының құндық бөлісінің дәлелдігін тексеруге бағытталған арнайы қызмет түрі. Бақылау (контроль) термині «контра рутулс» деген латын сөзінен шыққан. Оның мағынасы «қарсы қою». Қаржыға экономикалық категория ретінде бақылау қызметі тән болғандықтан, қаржылық бақылау объективті қажеттілік болып табылады.Осы қызмет арқылы қаржы қорлардың арақатынасы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы туралы, олардың қалыптасу көздері, пайдаланылуы туралы, бөлудің қалыптасқан пропорциялары туралы алдын ала хабардар етеді. Қаржының бақылау қызметі қоғам тарапынан, ең алдымен, мемлекет тарапынан өндіріс, айырбас, материалдық игіліктерді бөлу және тұтыну процесіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады, бірақ мүмкінідік қоғамдық қатынастарға адамдар қатысқанда, белгілі бір жағдай туғанда ғана іске асады: 1) айрықша бақылау органдарын құру; 2) оларға білікті мамандар алу; 3) бұл органдардың құқықтарын реттеу; Сөйтіп, бақылау қызметі қаржыны бақылау құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы қолдану қоғамдық өндірістегі қаржы қызметі барысында іске асырылады.Егер қаржы экономикалық қатынастың базисі, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігі болса, онда қаржылық бақылау оны басқарудың бірден-бір элементі ретінде (жоспарлау, еспке алу, талдаумен қоса) қондырмалық категория болып табылады. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: -- жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды. Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді. Мыналар бақылауды жүргізудің негізгі принциптері болып табылады: 1)бақылаудың дүркінділігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы; бақылаудың алдын алушылық сипаты; 2)пәрменділігі, нақтылығы, жариялылығы; бұларға бақылау жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, терең негізделген әдістер қолданылып, іс мұқият тексеріліп, нақты ұсыныстар жасалса ғана қол жеткізілуі мүмкін; Бақылаудың әділдігі; Бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі; Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашатын негізгі міндеттері: 1 Мемлекет ұйымдар мен халық алдындағы қаржы міндеттерінің орындалуының тексеру; 2 Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың өздерінің қарамағындағы ақша ресурстарының ( бюджеттік және меншікті ресурстардың банкі ссудаларының бюджеттен тыс қаражаттарының) дұрыс пайдалану тексеруі; 3 Кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің қаражаттарын сақтау, қаржы операцияларын, есептерін жетілдіріп, ережелерін тексеру; 4 Өндірістің ішкі резервтерін анықтау – шаруашылықтың рентабелділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, айналым қаражаттарының, айналымдылығын тездету, материалдық және ақшалай қаражатты үнемді және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау; 5 Қаржы тәртібін бұзуды болдырмау және алдын алу. Мұндай жағдайда ұйымдарға,лауазымды адамдарға белгіленген тәртіппен шаралар қолданылып, мемлекет пен ұйымдар шығындарының өтелуі қамтамасыз етіледі; Қаржы тәртібі – бұл мемлекеттің, кәсіпорындармен ұйымдардың ақша қорларын құру, бөлу және пайдаланудың белгіленген тәртібін айқын сақтау деген сөз. Нарықтық қатынасқа көшу барысында қаржылық бақылау елеулі өзгерістерге ұшырауда .Жаңа экономикалық қатынастар ұдайы бақылауды қажет етпейді.Үздіксіз бақылау нарықтық қатынасты тежейді, меншік формалары өзгереді,баға ырықтандырылып экономикалық жағдай дағдарысқа ұшыраған өтпелі кезеңде қаржылық бақылауды басқару мейлінше қиын. Мұндай жағдайда қаржы тәртіптері, заңдары бұзылып, мемлекеттік меншікті талан – таражға салу сияқты келеңсіз құбылыстар белең алады. Сондықтан қаржылық бақылау шаруашылық өмірдегі келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қоюы тиіс.Қоғамдық мүдделерді қорғап, мемлекет ұдайы өндіріс процессіне араласады.Мұнда қаржының бақылау қызметі пайдаланылып, формалары мен әдістері жетілдіріліп отырады.

1. Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ 1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет. Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады. Қаржылық бақылаудың брлуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.Қаржылық бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтары реттелмегенде шындыққа айналады. Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырлады.Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланады. Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: эконмикалық заңдадың талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді. Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі. Қаржылық бақылаудың функциялары: 1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі); 2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресустарға қаражаттарды жұмылдытудың уақыттылғы мен толымдылығын тексеру; 3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру; Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: А) бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы; Б) бақылаудың првентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты; С) әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады; Д) бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық); Е) бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі; Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау. Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макро деңгейде жүргізіледі. Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етіуін бақылау.Оның міндеттері мыналар болып табылады: 1.Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету; 2. Қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау; 3. Қаржы ресустарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажетттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сфераларының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумуқтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары; Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді. Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады.Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады. Билікті заң шығарушы органдар мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді. Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау. Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері: 1. Кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету; 2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету; 3. Қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу; 4. Ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу; Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады.Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады.Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады. Қаржылық бақылау жүргізу тәсілдеріне, уақытына, субъектілеріне қарай жіктеледі.Осыларға байланысты қаржылық бақылау мынадай үш бағыт бойынша: түрлері, формалары, оны іске асыру әдістері бойынша бөлінеді.Субъектілерге (органдарға немесе бақылауды жүзеге асыршы ұйымдарға) байланысты қаржылық бақылаудың мына түрлері ажыратылды.

Қаржылық бақылау

Мемлекеттік бақылау Қоғамдық бақылау

Жалпы мемлекеттік бақылау Ведомствалық бақылау Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақ, жастар ұйымдарының, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорт, шығармашылық, ардагерлер ұйымдарының, әртүрлі қорлардың бақылауы

Парламент(депудаттық) бақылауы Ішкі шаруашылық бақылау Аудиторлық бақылау

Жалпы мемлекттік бақылау ведомствалық бағыныштылығы мен меншік формасына байланыссыз кез келген объектіге жасалынады.Оны мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Барлық өкілді органдар өздерінің сессияларында тиісті бюджеттің жобасын, оның орындалуын қарап, қаржы бақылауын іске асырады.Өкілді органдар жоспарлы-бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау қызметін атқарады.Олар сессия басталмас бұрын бюджеттің жобасы мен оның орындалуы жөнінде есепті қарайды. Үкімет, жергілікті әкімшіліктердің аппараты, өкілетті органдар өздеріне бағынышты органдардың бақылаушылық қызметіне бағыт берумен қатар, өздері де бақылау қызметін атқарады. Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің құралып, орындалуын бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.Жергілікті органдар тиісінше өкілеттері шеңберінде бақылау қызметін атқарады. Ведомствалық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомстваның өкілеттігі шеңберінде осы жүйеге енетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің қызметіне жасалады. Ведомствалық бақылаудың негізгі міндеттері: жоспарланған тапсырманың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарының үнемдеп пайдалануын, меншіктің құнтталуын, бақылау тексеру жұмысының жайын бақылау, қосып жазу, қырсыздық, ысырапшылық фактілерін тыю. Ведомствалық бақылау шеңберінде ішкі шаруашылық бақылау жүргізіледі.Яғни кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелерде нақты бақылау жүргізіледі.Мұнда бақылау қызметі күнделікті қаржы-шаруашылық қызметімен тығыз байланыстырылады.Баққылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік қорларды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануына, шығындарды азайтуына, қаржы тәртібінің бұзылуын жоюға жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді. Нарықтық қатынас жағдайында ішкі өндірістік бақылау бұрыңғы мәнінен айрылады: оны мемлекеттік кәсіпорындарға, коммерциялық және басқа да формаларындағы кәсіпорындарда шаруашылық ынталандыру шаралары алмастырыды.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп – тәртіп бұзушылықтың орын алмауының кепілі, өйткені, қызметкердің, кәсіпкердің жек басының мүдделігі бақылауды қажет етпейді. Жүргізу уақытына қарай қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау болуы мүмкін.Бақылаудың мұндай формалары көптеген органдардың қызметіне тән. Алдын ала қаржылық бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану опрациялары жасалғанға дейін жүргізіледі, сондықтан қаржы тәртібін бұзбауды ескертуде оның зор маңызы бар.Бұл жағдайда бекітілуге және атқарылуға жататын құжаттар тексеріледі, бұлар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметаларының жобалары, несие және касса мәлімдемесі, яғни қаржы қызметін жүзеге асырудың дәлелі қызметін атқаратын қыжаттар. Ағымдағы қаржылық бақылау – бұл ақшалай операцияларды жасау процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржы міндеттемелерінің орындалуы, әкімшілік-шаруашылық шығындарға, күрделі құбылысқа жұмсалатын ақшалай қаражаттарды алып, пайдалану барысында және т.б.). Келесі қаржылық бақылау – қаржы операциялары жасалғаннан кейін жүргізілетін бақылау (бюджеттің кіріс пен щығыс бөліктері атқарылғаннан кейін, кәсіпорын немесе мекеме ақшалай қаражаттарды пайдаланғаннан кейін және т.б.).Бұл жағдайда қаржы тәртібінің жай-күйі анықталады, тәртіп бұзу жағдайлары ашылады, оны болдырмау, ескерту жолдары мен оларды жою жөніндегі шаралар анықталады.

1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы, әдістері, аудиторлық бақылау.

Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілердің айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі. Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (1-сызбадан қараңыз).

1-сызба.Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы Қаржылық бақылау Мемлекеттік Қоғамдық Жалпы-мемлекеттік Ведомствалық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми техникалық, мәдени ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың болуы Ішкі-шаруашылық Парламенттік (депудаттық) бақылау Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді: 1) сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау ; 2) қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау; 3) тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру және бағалау. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады: 1) кешенді бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау; 2) тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау; 3) үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандартарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті. Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады: 1) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты; 2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады; 3) маслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат; 4) ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты; 5) нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысанадағы құжат; 6) бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат; 7) бақылау жүргізу туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат. Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті,жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Призидентіне тікелей бағынынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Призиденті бекітеді. Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады. Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объктісіне қолданылады.Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау,кедендік бақылау және т.б.болып ажыратылады. Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы,бюджетке салық және басқа төлемдердің,жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді.Сондықтан бақылаумен меншік нысаналарына қарамастан,барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер,сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған. Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынадай түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты,соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау,бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету; өндірістік емес,мақсатсыз шығындарды,иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру.Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда,мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі.Банктік қадағалаумен, бақылаумен кредит-есеп-қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған. Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау, қадағалау сақтық қорлар қаражаттарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңдаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатысушылардың барлығының орындауын жүзеге асырады. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын, оларды есепке алуды кедендік ресімдеу кезінде де, сондай-ақ кедендік тексермеде де құжаттар мен мәліметтерді тексеру нысанында кедендік басқаруды жүргізеді; олардың тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы орналастыратын субъектілердің қаржы және сыртқы экономикалық қызметін тексеруді белгілеуге немесе жүргізуге құқы бар. Барлық өкілетті органдар қаржылық басқаруды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады.Өкілетті органдардың жоспар-бюджет және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды,олар алдын ала, сессияға дейін бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды. Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржы-кредиттік қызметті ғана бағадап қоймайды,сонымен бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады.Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады.Өздерінің өкілеттіліктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды. Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі.Оның негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын,материал және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланылуын,меншіктің сақталымдылығын,бухгалтерлік есептің дұрыс қойылулығын, бақылау-тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, қырсыздық, ысырапқорлық және нысапсыздық фактілерін бұлтартпау. Ведомстволық бақылау шеңберінде ішкішаруашылықтық бақылау яғни нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде (фирмаларда, компанияларда, ұйымдар мен мекемелерде) жүзеге асырылатын бақылау жүргізіледі.Бақылау функциялары бұл жағдайда қаржы-шаруашылық қызметінің қажетті шарты ретінде оның күн сайынғы процесімен байланысты.Бақылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік капиталды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға жауаптылығынарттыруға жәрдемдеседі, ысырыптарды, қаржы тәртібінің әр түрлі бұзылуларын азайтуға бағытталған. Ішкішаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген бақылаудың жұмысына баға беру болып табылады.Таза бақылау қаржы стратегиясын талдап-жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді. Нарықтық қатынастар жағдайында ішкі шаруашылықтық бақылау оның бұрынғы ұғынысындағы өзінің мағынасын жоғалтып барады: оның орнын мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық есеп ынталандырмалары және меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарында коммерциялық ынталандырмалар басуы тиіс.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп әр түрлі бұзулардың сақтануға көбірек кепілдік береді, өйткені жетістіктердегі қызметкердің, кәсіпкердің жеке ынталылығы өзін-өзі бақылаудың қажеттігін керек қылмайды. Қоғамдық қаржылық бақылау – бұл түрлі қоғамдық ұйымдардың бақылауы.Бақылаудың объектісі тексерушілер алдына қойылған нақтылы міндеттерге байланысты болады. Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау.Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады. Шетелдік аудиториялық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиториялық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдай да ғана жүзеге асыра алады. Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысаңдары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән. Қаржылық алдын ала бақылау ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі операциялар істелінгенге дейін жүргізіледі, ондықтан оның қаржылық тәртіпті бұзуды алдын ала ескертуде зор маңыз бар. Бұл жағдайда бекітуге және орындауға жататын қаржы қызметін жүзеге асырудың негізгі болып табылатын құжаттар-бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметалардың жобалары, кредит және касса өтінімдері және т.б. тексеріледі. Ағымдағы қаржылық бақылау қаржы жоспарларының атқарылу процесінде, щаруашылық-қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал құндылықтары мен ақшаны жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаражаттарды жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдалануына сай келуін тексереді. Сөйтіп, бұл бақылау шаруашылық қаржы операцияларының жасалу процесінде жүзеге асырылды. Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктерінің орындалуынан кейін, шаруашылық органдардың ақшаны пайдаланғаннан кейін және т.б.) жүргізілетін бақылау және ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушулықтарды ашуға жетелейді. Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдармен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инсепекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдері, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттері шешеуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңғайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақстында салыстыру және басқалары. Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар бойынша жүргізеді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілдігін ескере отырып құрылды. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді. Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық, пайдалылық, өзіндік құн, айырбас шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды. Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (баспа-бас айырбас мәліметтері, т.б.) жасалынатын іс-жүзіндегі барлық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады. Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды. Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс, ревизия. Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін. Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру. Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық-қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерттеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б. Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының нәтижесінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу. Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді. Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді.Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді. Қаржылық бақылаудың негігі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерінмұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу.Тексерісті әртүрлі органдар жүргізеді.Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін. Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады.Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы жәнет жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін. Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша қаражаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі. Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді. Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады. Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру)бағытталады. Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда; мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстваларда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер. Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады.Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б. Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады. Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру. Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады.Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат.Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады. Қаржылық басқаруды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны – аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отырады. Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық және шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісім шарты негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйін тексеру. Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайындағы қаржылық бақылау жүйесінің ажырағысыз бөлігі аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінің дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйесінің сенімділігін бағалау. Аудиторлық жұмыста танымдық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән береді, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасын жасауға мүмкіндік береді. Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Қаржы аудиты деп оған уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржылық есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы-шаруашылық қызметі бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады. Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлер-аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда "Міндетті аудит туралы заң" шықты. Францияда мұндай заң 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды. Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырағысыз бөлігі болып отыр. Қазақстан Республикасында 1998 жылы 20-қарашасынан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді.Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңи және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады: тәуелсіздік; объективтілік; кәсіби біліктілік; құпиялылық; Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңи тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады. Аудиттің түрлері-міндетті аудит және бастсмашылық аудит. Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар. Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымының арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі. Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін.Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны, ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші субъектісін бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны.Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектінің тілегі бойынша және шартымен жасалады. Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі: 1) жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеуме; 2) аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау; 3) аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу; 4) бақылау жүйелерін текскру және оның тесттері; 5) аудит рәсімін жүрнізу; 6) аудиторлық қорытындыны қалыптастыру. Аудитор – бүкіл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны.Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. Аудитордың міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау.Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы-шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар: 1) Аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға,оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған.Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды,бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді; 2) Аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі арасындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады; 3) Аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімен аудиторлық қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді; 4) Аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды.Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды; 5) Аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі.Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жасалу, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі; 6) Аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан.Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым - "Қазақстанаудит" компаниясының мысалынан көруге болады.Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы-шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары – компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі осындай."Қазақстанаудит" компаниясының Астана қаласында және республикасының барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

1.3. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру

Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржы¬лық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмеңдегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субьектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері. Қаржылық бақылаудың субьектісі болып қаржылық бақылау¬ды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақы¬лаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады. Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынас¬тардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік). Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту; 3) қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарын жою. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады. Жалпымемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты,Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет,жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары,жергілікті әкімшілік орнандар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді. Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшйе түседі.Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі - парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі.Бұл бақылаудың объектісі: мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі; бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезідегі; бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады: бюджет ресурстарының түсу көздеріне,оларды үкіметтің де,заңнамалық органның да үнемді пайдалануына; ақша қаражаттарының ысырапқорлығын кесіп тастауға; мемлекеттік меншікті пайдаланудың,мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне,мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелендіруге; арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына әр түрлі партияларды қоса,қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне,жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға. Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси,экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады.Бюджеттің жасалуына тексеріс сметаларға кіріктірілген цифрлардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі.Сонымен бірге парламент ағымдағы бақылауды және Республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі келесі бақылауды жүзеге асыруы тиіс.Бұл орайда парламенттік бақылаудың негізгі нысаны алдын ала бақылау болуы тиіс.Қазақстан Республикасыгың Парламентінде екі Палатада - Сенат пен Мәжілісте арнаулы жұмыс органдары - экономика,қаржы және бюджет жөніндегі комитеттер бар.Бұл органдар заң - жоба жұмыстарын,палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу процесінде қаржы - бюджет қызметінің сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді.Қаржы -бюджет мәселелері бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға - министрліктерге,ведомстволарға,сондай-ақ Республика үкіметіне жібереді. Ел басының жарлықтарының,қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйфмдастыру,аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында жүмыс істейтін ұйымдық - бақылау бөлімі бар.Жалпы Президент аппараты министрліктердің,ведомстволардың,жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады.Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады,Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар жасайды;Президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды,себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке,әкімшілік басшыларына,мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады.Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды алуға тиісті өкілеттік берілген. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады. Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетінің негізгі міндеттері мен функцияларына мыналар жатады: республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі заңдар мен басқа нармативтік актілердің атқарылуына бақылау жасау; республикалық бюджеттің атқарылуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау; мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық бюджеттің түсімдері меноның шығыстарын атқару сәйкестігіне,қаржы есептемесі мен тиімділігін бақылау; бюджеттік инвестицияларды бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының Парламентіне қарауға республикалық бюджеттің орындалуы туралы есерті тапсыру және т.б. Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіктер берілген.Үкімет олардың жүзеге асырылуының,сондай-ақ ауқымы,мезгілдігі,атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды.Республика Үкіметі мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады,мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге сырады. Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды,олар негізінен бюджеттерді,олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту процесінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Қаржы министрлігі,оның Қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді.Олар жоспар,смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын,толымдылығын және дер кезділігін,мемлекеттің қаражаттары жұмсалуының заңдылығы мен мақсатқа сәйкестілігін,бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады.Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды,экспорт-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады. Мемлекеттік бақылауды Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды.Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру,жүзеге асыру және бақылау болып табылады. Қаржы министрлігінің Салық комитеті,оның аумақтық органдарыесептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің,өсімдер мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады. Экономика мен қаржы қызметі сферасында қаржы тәртібін сақтауға Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес жөніндегі агенттігі(қаржы полициясы)де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін,алдын ала тергеу және анықтау,әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі сферасында адам мен азаматтың құқықтарына,қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға,оны анықтауға,жолын кесуге,ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Агенттік(қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1)өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін,кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің,қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; 2)салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың,экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу,оларды анықтау,жолын кесу,ашу және тергеу; 3)экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 4)Агенттік (қаржы полициясының)аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржы қызметі сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу,оларды анықтау,жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты,сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жәнеөзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады. Барлық деңгейлердің өкілдікті органдарды (маслихаттар,депутаттардың жиналыстары)қаржылық бақылауды бюджеттерді жәен олардың атқарылу туралы есепті қарау және бекіту процесінде жүзеге асырады.Яғни олар бақылауды екі нысанда - алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады.Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады. Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақыау оның айрықша нысаны болып табылады.Бақылаудың объектісі ақша қаражаттарының жергілікті қорлары болады. Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және де алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады.Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалықбасқармалардың(бөлімдердің)мамандары тексеріске ревизиялық бригадалар құрамында тартылады. Ведомстволық қаржылық бақылауды республика министрліктері,ведомстволары,жергілікті органдарының басқармалары мен бөлімдері ведомстволарға қарасты кәсіпорындарға,ұйымдарға,мекемелерге жүргізеді.Ведомстволық қаржылық бақылау алдын ала,ағымдағы жәен кейінгі бақылау нысанында жүзеге асырылады.Бақылаудыңнегізгі әдістері қаржы жоспарларының жобаларын қарау, тексерістер ментексерулер болып табылады.Бақылау объектісі ақша қаражаттарының орталықтандырылмаған қорлары болады. Ішкішаруашылықтық бақылауды шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалықслужбалары - бухгалтериялар,қаржы бөлімдері және т.с.с.жүргізеді.Бұл орайдабас(аға)бухгалтер маңызды рөл атқарады.Мұнда субъектінің өзінің,сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өндірістік және қаржы қызметі бақылаудың объектісі болып табылады.Әр шаруашылық органдарда, жергілікті атқарушы органдарда ішкішаруашылықтық бақылауды жүзеге асру үшін бұл қызметтерден басқа бақылау - тексеріс бөлімдері,топтары құрылады.Ірі шаруашылық бақылау қаржылық бақылауға тән барлық нысандарда жүзеге сарылады.Оның негізгі әдістері тексерулер мен тексерістер болып табылады.Коммерциялық құрылымдарда(акционерлік қоғамдарда,жеке меншік кәсіпорындары мен фирмаларда,биржаларда,банктерде және т.б.)ішкішаруашылық бақылаудың құрылтайшысы немесе меншік иесі,сондай-ақ оның тапсыруымен аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Қоғамдық қаржылық бақылауды еріктілік және ақысыз негізде топтар,жекелеген тұлғалар(мамандар)орындайды.Қоғамдық бақылаудың органдарына шаруашылық жүргізуші субъектілердегі,ведомстволардағы әкімшіліктің қызметіне жүргізілетін кәсіподақ ұйымдарының бақылауы жатады.Бұл органдардың қызметіндегі қаржылық бақылау негізгі бақылау болып саналмайды.Әр түрлі қоғамдық ұйымдар(саяси партиялар,жастардың,шығармашылық одақтардың,ғылыми,табиғатты қорғау,спорт,соғыс жәнееңбек ардагерлерінің ұйымдары,қайырымдылық қорлары)қаржылық бақылауды өз күштерімен жүргізеді,сондай-ақ аудиторлық фирмаларды да тарта алады.Бақылаудың объектісі - табысты алу көздерін және жарғылық міндеттерге сәйкес оның пайдаланылуын тексеру. Нарыққа өту жағдайында қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы артпаса ешқандай кемімейді.Қазақстан аумағында кеңестік дәуірде қаржылық бақылау айтарлықтай дәрежеде дамыды.Түгелдей дерлік мемлекеттік меншік жағдайында мемлекет экономика мен қаржылық процестерге қатаң,жан-жақты бақылау жасауға ынталы болды.Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметімемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық бақылау органдары(Халықтық бақылау комитеті)тарапынан(болған) қос бақылаудың қарамағында болады. Басқарудың әкімшілік нысанынан нарықтық нысанына өту кезеңіндегі қаржылық бақылау айтарлықтай әлсіреді.Халықтық бақылау комитеті жойылды,ведомстволық бақылау іс жүзінде қысқарды,мемлекеттік орган тарапынан болатын қаржылық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет тарылды. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық тұтқалар мен ынталандырмаларға жақсы бақылаушылар деген сенім білдірілді.Алайда мұндай көзқарас салық төлеуден бұлтарушылық нысанындағы экономикалық қылмыстардың өсуіне,мемлекеттік меншіктерді тегін беру немесе символикалық сомаға сату түріндегі талан-таражға жеткізді және басқалары. Нарықтық жағдайында жалпы экономиканың,жеке шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық бақылауды қоғам дамуының басқа кезеңдерінен де үлкен дәрежеде қажетсінетінін шет елдердің тәжірибесі, республиканың өзіндік тәжірибесі көрсетіп отыр. Мемлекеттің алдында жан-жақты,жүйелі,кешенді бақылауды,соның ішінде қаржылық бақылауды да ұйымдастыру міндеті туып отыр.Бұл шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер мен олардың қаржы-шарушылық қызметінің барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиіс дегенді білдіреді.Қойылып отырған міндетті іске асыру үшін қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиіс: мемлекеттік бақылауды нығайту; тәуелсіз аудиторлық бақылауды дамыту; түрлі бақылаушы органдар мамандарының еңбегін компьютрлендіру; бақылаудың барлық органдарының қызметін үйлестіру және басқалары.

2.Тарау. ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ 2.1. Қаржы және бюджеттік құқық негіздері.

Қаржы құқығы мемлекетнің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетнің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы. Мемлекетнің қаржылық қызметі түрлі әдістердің қөмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міңдетгі жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міңдетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардын жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды. Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады. Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары - Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады. Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары - аудиторлар жүзеге асырады. Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты еқі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады. Материалды қаржылык, қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады. Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекет¬тік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамаламайды. Бірақ, олар материадды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынас¬тардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады. Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті. Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қаты¬настар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджетнің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды. Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді: 1. Қа¬зақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы¬ның бірыңғай бюджеттік зандарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету ба¬ғытталған бірлік қағидасы. 1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы. 3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағида¬сы. 4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет зандары саласындағы нормативтік құқықтык актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың аткарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы. 5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару оргаңдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы. 6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет каражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайда¬лана отырып ең үздік нәтижені камтамасыз етуге негізделген тиімділік және нәтижелілік қағидасы. 7.Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуынын басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағида¬сы. 8. Бюджет процесіне катысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы. 9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер каражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі темендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) тү¬зетілген бюджет; 2) бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5) жергілікті бюджеттер жатады. Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республи¬касының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақ¬стан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере оты¬рып бекітілген немесе нақтыланған бюджет. Бекітілген бюджет - тиісті қаржы жылына арналған, Қазақ¬стан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет. Нақтыланған бюджет - атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет. Мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Жергілікті бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті. Бюджеттердің деңгейлеріне: 1) республикалық бюджет; 2) об¬лыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюд¬жеті; 3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті; 4) төтенше мемлекеттік бюджет кіреді. Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міңдеттері мен функцияларын қаржымен камтамасыз ету¬ге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағытта¬рын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры рес¬публикалық бюджет болып табылады. Облыстың бюджеті - араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстык бюджетті, аудандардың (об¬лыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпай¬тын жиынтық бюджет; Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық манызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырыл-ған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бо¬лып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатынын шешімімен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізіңде калыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемле¬кеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекет¬тік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазакстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмқін болатын ретте ғана төтен¬ше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады. Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуедділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақ¬стан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлтгық Банкіңдегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, соңдай-ақ, материалдық емес актив¬терді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Рес¬публикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қар жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасызетеді. Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалык жағдай, респуб¬ликаның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бүл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валю-талармен жүргізіледі. Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республи¬касының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзе¬ге асырады. Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемле¬кеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. Бюджеттің құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1) кірістер; 2) салықтық түсімдер; 3) салықтық емес түсімдер; 4) негізгі қапиталды сатудан түскен түсімдер; 5) ресми трансферттер түсімдері; 6) шығындар; 7) операциялық сальдо; 8) таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу); 9) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо (қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер); 10) бюджет тапшылығы (профициті); 11) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицигін пайдалану, қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу, бюд¬жет қаражаты қалдықтарының қозғалысы). Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіқ және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақ¬стан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де қоммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

2.2. Салық ұғымы, жүйесі, түрлері Салық дегеніміз – мемлекеттік шаруашылық субъектілер мен азаматтардан белгілі көлемде және мезгілде заң бойынша орнатылып алынатын тиісті және ақысыз төлемдері. Салық салу дегеніміз – ақшалай табыстарды шаруашылық субъектілер мемлекет арасында болу әдісі.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге салық салу схемасы

Заңды тұлғаларға салық салу Өнімді (жұмыс, қызметті) сатудан түскен кіріс ҚҚС-мен бірге.

Заңды тұлғаларға салық салу. Заңды тұлға ретінде статусы бар амортизациялық тауар өндірушілер келесі салықтарды төлейді:  қосылған құн салығы;  заңды тұлғалардың табыс салығы;  әлеуметтік салық;  жер салығы;  көлік құралдарына салынатын салық.  мүлік салығы.

Мысалы: өнімді сатудан түскен кіріс ҚҚС-мен 24 000 теңге, сатып алынған тауардың құны ҚҚС-мен 12 000 теңге ҚҚС-ның ставкасы - 20%.

ҚҚС есептелген теңге.

ҚҚС сатып алынған товарлардың құнындағы теңге.

ҚҚС бюджетке төленетін теңге.

Қосылған құн салығы. Бюджетке төленетін қосылған құн салығы – сатылған тауарға (қызмет, жұмыс) есептелген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауар (жұмыс, қызмет) құнындағы ҚҚС-ның сомасы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Заңды тұлғалардың табыс салығы. Салық салу эобъектісі жылдық жиынтық табыс пен Заңда көзделген шегерістер арасындағы айырма ретінде есептеледі. Әлеуметтік салық. Салық салу объектісі еңбек ақы төлеу қоры болып табылады. Жер салығы. Жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы төлем түрінде бе,лгіленеді. Жер салығының мөлшері жер учаскесі сапасына, орналасқан өңіріне және сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық және өзге де қызметінің нәтижесіне байланысты болмайды. (базалық ставкалары 1 га есебімен, топырақ сапасына қарай). Көлік құралдарына салынатын салық. Салық салынатын объектілерге көлік құралдарының барлық түрлері жатады. Мүлік салығы жыл сайын амортизацияланатын активтердің құнынан 1% ставка бойынша жыл сайын төмендеді (мүлік салығы 1%).

Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады. Жанама салықта салық төлуші салықты төлеудің ауыртпа¬лығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың кұнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр. Тікелей салық, нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақты салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс салығы. Түрпішіндеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты салық¬тар заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді. Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық (жалпымемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді. Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланыс¬ты салықтар бекітіпген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс (табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз. Пайдаланылу сипатына байланысты салықтар жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге асыру мақсатыңда емес, басқа салықтармен араласып кетеді. Керісінше, мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іске асыру үшін пайдаланылады. Мысалы әлеуметтік салықты айтуға болады. Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және еқбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Еңбекақыға салынатын салық, салық органы әрбір салық төлеушіге жеке-жеке төленетін салықтың мөлшері көрсетілген өкім бергеннен кейін төлену міндеттілігі қүшіне енетін салық. Еңбекақыдан тыс салынатын салықты салық төлеушінің өзі есеп¬теп шығарып, өзі төлейді. Салық оргаңдары салықтың дұрыс есептеп шығарылуын және төленуін тексереді, бақылайық. Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтық түрлері қолданылады: 1. Корпорациялық табыс салығы; 2. Жеке табыс салығы; 3. Қосылған құн салығы; 4. Ақциздер; 4-1. Экспортталатын шикі мұнайға, ғаз конденсатына рента салығы; 5. Жер қойнауын пайдаланушылардын салықтары мен арнаулы төлемдері; 6. Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы; 8. Көлік құралдары салығы; 9. Мүлік салығы. Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағаңда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республи-касындағы қөздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Занды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы корпоротивті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді. Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем қөзінен салық салынатын табыстарына: 1) қызметкердің табысы; 2) біржолғы төлемдерден алынған табыс; 3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады. Жеке еңбек табысының көлеміне байланысты салық мөлшері 5-тен 20 пайызға дейінгі ставкалар қолданылу арқылы есептеп шығарылады. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, кызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын ай¬налым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, кызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Салық салу объектілері: 1) салық салынатын айналым; 2) са¬лық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады. Төлеушілер: жеке кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қос¬пағанда, заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасыңда тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; заңды тұлғаның қосылған кұн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері; кеден арқылы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады. Қосылған құн салығы 15 пайыздық ставка қолданылу арқылы есептеп шығарылады. Акциздер. Қазақстан Республикасының аумағыңда өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, оның ішінде: спирттің барлық түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына; құрамында темекі бар басқа бұйымдарға; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына; жеңіл автомобильдерге (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсатына және қызметтің төмендегідей түрлеріне: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру мен өткізуге акциздер салынады, Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы. Өнімді бөлу туралы келісім шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ қонденсатын экспортқа өткізетін жеқе және занды тұлғалар экспорт¬талатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 304-бабы 4-тармағына сәйқес экспортталатын шикі мұнайға, газ қонденсатына рента салығының ставкалары төмендегідей мөлшерлерде белгіленеді: Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысының салық кезеңінің аяғына көзделген шегерімдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлігі салық базасы болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін таза табыс салық салынатын табыс және қорпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместің тұрақты мекемесінің таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретінде айқындалады. Үстеме пайда салығы төмендегідей мөлшерлерде белгіленеді: Жинақталған табыстардын жинақталған шығыстарға қатынасының алынған мәні Ставкасы 1,2-ден кем 0 пайыз 1,2-ден 1,3-ке дейін 10 пайыз 1,3-тен 1,4-ке дейін 20 пайыз 1,4-тен 1,5-ке дейін 30 пайыз 1,5-тен 1,6-ға дейін 40 пайыз 1,6-дан 1,7-ге дейін 50 пайыз 1,7-ден жоғары 60 пайыз

Әлеуметтік салық. Өзінің аты айтып тұрғандай негізінен халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын өтеуге жұмсалады. Салықты төлеушілер мыналар: 1) жеке кәсіпкерлер; 2) жеке нотариустар, адвокаттар; Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғалар; 4) резидент еместер жатады. Әлеуметтік салықты есептеп шығару үшін 7-ден 20 пайызға дейінгі аралықтағы ставкалар қолданылады. Әлеуметтік салық төлеуге кері шкала тәсілі қолданылады. Оның мәні табыс көлемі өскен сайын салықтың пайыздық ставкасы төмендейді. Мысалы табыс көлемі 15 есе еселенген жылжықтабыстан аспаса оның 20 пайызына салық салынады. Керісінше, табыс көлемі 600 есе еселен¬ген жылдық табыстан жоғары болса оның 7 пайызына салық са¬лынады. Жер салығы. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; 2) елді мекендер жерлеріне; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсатгағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері); 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері); 5) орман қорынын жерлеріне; 6) су қорының жерлеріне; 7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген: 1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері; 2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер. Жердің төмендегідей санаттарынан: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері; 2) орман қорынын жерлері; 3) су қорынын жерлері; 4) запастағы жерлерден салық алынбайды. Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағаңда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайларда, оларға белгіленген тәртіппен салық салынады. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды. Салықтық мөлшері: 1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын қуәландыратын құжаттар; 2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетгі орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік саңдық және сапалық есебінің деректері негізіңде есептеледі. Көлік құралдары салығы. Егер заңнамада басқадай көрсетілмесе, меншік құқығыңда салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығыңда салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Салық пен алымнан басқа мемлекеттік бюджетке төмендегідей төлемақылар төленеді: 1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 2.Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пай¬даланғаны үшін төлемақы. 3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. 4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. 7. Радио¬жиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. 7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы. 8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы. 10. Мемлекеттік баж. 11. Кеден төлемдері.

2.3. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу Инвестициялар дегеніміз лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға кұқықтарды қоса алғанда, занды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту. Ал инвестициялық қызмет деп жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пай-даланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметін айтамыз. Инвестициялық қызмет Конституция және басқа заңдарды қоспағанда, негізінен «Инвестиция¬лар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-ІІ Заңымен реттеледі. Инвестициялық қызметті іске асырушы инвестор, яғни жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Инвестицияларды санаттарға бөлудің түрлі негіздері бар. Дамыған елдерде инвестицияны: тұтыну, эконамикалық және бағалы қағаздар инвестициясы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан. Тұтыну инвестициясы дегеніміз жылжымайтын мүліктер мен ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды алып-сату. Бұл жерде мынандай жылжымайтын мүліктер инвестицияның объектісі болып табылуы мүмқін: өзіндік жылжымайтын мүлік (үй, пәтер, жерден үлес, басқа да қіріс, табыс әкелетін жылжымайтын Салық салу объектісі Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) Двигатель көлемі мынадай жеңіл автокөліктер (текше см.): 1 100-ге дейін қоса алғанда 4,0 1100-ден жоғары 1500-ді қоса 6,0 1500-ден жоғары 2000-ді қоса 7,0 2000-нан жоғары 2500-ді қоса 12,0 2500-ден жоғары 3000-ды қоса 17,0 3000-ден жоғары 4000-ды қоса 22,0

Жеңіл автамобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш став¬касы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, он екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоға¬ры - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлык есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоға¬ры - 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрді қоса алған көлемде болған кезде салық сөмасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеғе ұлғайтылады. Егер осы тармақпен өзғеше белгіленбесе, салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі алты -жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады: ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары ушін: 6 жыл-дан -15 жылға дейін қоса алғанда - 0,3; 15 жыддан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2; 25 жылдан жоғары - 0,1; двигатель көлемі мына¬дай басқа автокөлік құралдары үшін: 3000 текше сантиметрге дейін қоса алғанда - 0,5; 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрді қоса - 0,7; 4000-нан жоғары - 1,0. Пайдаланылу мерзімі жиырма жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0. Мүлік салығы. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 2) Қазақстан Республикасының аумағыңда меншік қүқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. Сол сияқты занды тұлғаның шешімі бо¬йынша оның құрылымдық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойын¬ша салық төлеушілер болып табылады. Мыналар мүлікке салынатын салықты төлеушілер болып табылмайды: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойын¬ша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салық¬ты осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді; 2) экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы; роялти; шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайда салығы; жер салығын төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар; 3) мемлекеттік мекемелер; 4) уәкілетгі органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; 5) діни бірлестіктер. Пайда табу үшін, тауар өңдіру мен қызмет көрсету саласындағы нақты активтерге қаражат жұмсау экономикалық инвестиция деп атадды. Бағалы қагаздар инвестщиясы, портфельдік инвестиция, қаржылық инвестициялар бір-бірімен ұқсас. Олар ба¬ғалы қағаздармен тығыз байланысты. Қызмет көрсететін салаларына байланысты инвестиция капитал құрайтын және зияткерлік болып бөлінеді. Капитал құрайтын инвестициялар өндірістік, өңдірістік және қаржылық емес активтердің өсуіне бағытталады. Капиталды бұлай салудың тәсілі оның құнының жоғарылауына және пайданың тұрақты өсуіне әкеледі. Капитал құрайтын инвестиция өз кезеңінде нақты активтерге (негізгі капитал күрделі жөндеуді, қосымша жер учаскелерін және табиғатты пайдаланудың басқа да объектілерін сатып алуды қамтитын), материалды емес активтерге (патент, лицензия, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибелік бағдарламалар, материалды-айналмалы құралдар) және қаржылық инвестицияларга (экономикаға несие беру, шаруашылық жеке және заңды тұлғалардың ұзақ және қысқа мерзімге қаржылық салымдары) бөлінеді. Зияткерлік инвестицияда қаржылар мамаңдар даярлауға, олардың біліктілік дәрежесін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензиялар алуға, жаңалықтар ашуға, біріккен ғылыми жобалар жасауға жұмсалады. Зияткерлік инвестицияға, жоғары және орта білім алу үшін жастарға мемлекет тарапынан бөлінетін грант пен несиелерді айтуға болады. Инвестицияға қаржыны бөлетін субъектілерге байланысты мемлекеттік (мемлекеттің бюджетінен не қарызға, несиеге берілген қаржыдан бөлінетін) және жеке инвестиция (жеке және заңды тұлғалардың қаражаттарына) болып бөлінеді. Мемлекеттік инвестицияның негізгі ерекшеліктеріне: 1) мемлекеттік инвестицияның көзі мемлекеттін бюджеттік каражаттар немесе мемлекет салған каражаттар болып табылады; 2) мемлекеттік инвес¬тиция қайтарымдық негізде іске асырылады; 3) мемлекеттік қара¬жат болғандықтан инвестицияның берілуінің негізі мен тәртібін мемлекет өзі белгілейді; 4) мемлекеттік инвестицияның көлемі мемлекеттік бюджетнің бекітуіне байланысты болады; 5) инвес¬тицияның мақсатты пайдаланылуын мемлекет өзі бақылайды; 6) мемлекеттік инвестиция мемлекеттік қазынаның мүлкімен қамтамасыз етіледі. Жеке инвестицияның қызметі Инвестиция туралы заңмен, Азаматтық кодекспен, жер қойнауын пайдалану сияқты заңнамалармен реттеледі. Сонымен бірге инвестицияның басқа не өзіндік мемлекетте іске асырылуына байланысты шетелдік және ұлттық инвестицияга бөлуге болады. Халықаралық теория мен практикада шет ел инвестициясы қызметінің төмендегідей санаттары қалыптасқан: 1) жеке несие беру, меншік құқығын иеленетін ұзақ мерзімді салымдар (акциялар, облигациялар, патентпен, авторлық құқықты пайдалану); оған: а) тура инвестиция (инвестордың тікелей қарамағындағы, не меншігіндегі шет ел кәсіпорнының акциясын сатып алу, не оны несиелеу); б) портфелді инвестиция (инвестордың тікелей қарамағына жатпайтын, оның меншігіндегі емес шет ел кәсіпорнының акциясын сатып алу, не оны несиелеу); в) қысқа мерзімді салымдар (бір жылға дейінгі мерзімдегі несиелі векселдер, басқа да қаржылық тәсілдегі портфелдік инвестициялар); 2) мемлекеттік (ресми) несиелеу немесе меншік құқығын иеленетін ұзақ не қысқа мерзімді портфелді инвестициялар. Тура инвестицияның халықаралық және ұлтаралық деген екі түрі болады. Халықаралық инвестиция деп ел нарығының жақсы жағдайымен шарттанған, жаңа өндірістік саладан сол елдің нарығына тікелей тауар шығарумен байланысты капитал салуды айтамыз. Ұлтаралық инвестиция бұл өңдіріс шығынын азайту мақсатында көрші елге тура капитал салуды айтамыз. Қазақстан Республикасында 10 жылға дейінгі мерзімдегі ин¬вестиция қысқа мерзімді, ал одан жоғары ұзақ мерзімді деп аталады.

3.Тарау. ҚАРЖЫНЫҢ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РОЛІ 3.1. Қаржы нарығының жалпы түсінігі. Кез келген экномикалық иглікке тек нарықтық экономика арқылы жетуге болатынын дүниежүзілік тәжирибие көрсетіп отыр. Қазақстан экномикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу - сатудың нақты обьектісі ақшаның ролін арттыруды шұғыл қажет етеді. Ақшаның сатып алу-сату төлем қаражаттарынның, несие ресурстарының және сан алуна бағалы қағаздарының ауқымы зор айналымдарына қызмет ететін нарық шаруашылығының айрықша секторына пайда болуына себепші болады. Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтанған жоспарлы экономикада жаңа, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық құралдармен бірге қаржы және валюта нарығының құрылуын талап етті. Қаржы нарығында болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде. Ең алдымен қаржы және ваюта нарығының мәні мен мазмұнын түсініп жалпы айтсақ, валюта нарығын қаржы нарығының құрама бөлігі ретінде қарастыруға болады, бірақ бұл тауарда жалпы макроэкономикалық деңгейден қарарстырып отырғандығымыздан қаржы нарығына жалпы шолу жасап, ватюта нарығын тереңірек зерттемекпіз, нарықтардың макроэкономикалық принциптер бойынша құралымын анықтамақпыз. Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналымына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әлі ерте. Қаржы нарығы біріне-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өзалдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несиеге капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы. Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санад ретінде қарастыратын дүниежүзлік практиға байнысты. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаржаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаржаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтыды. Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады. Қаржы нарығы негізінен зақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе куәліктер нарығы болып табылады. қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтердің қозғалысына қызмет етеді. Қызмет жағынан алғанда қарды нарығы – кәсіпорныдардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететінарықтық қатынастар жүйесі. Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысты қаржы нарығының болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады: 1. реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кезкелген түрлері мен арнаулы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі; 2. ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақлау жасаутады; 3. несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайдық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізу арқылы реттеледі. Қаржы нарығы қызметінің алғы шарттары мыналар болып табылады: 1. бәсекені дамытып, монополиялық үстемдекті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соының ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың басттапқы шаруашылық буындарына неғұрлім кеңдербестік беру; 2. қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің ролін қысқарсту; өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасындағы қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою; 3. шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға сатылатын ақшалай табыстарының өсуі; 4. бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік зайымдар шығрау арқлы жабылады. Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс ықпал етуінен ғана айқындалып қоймады. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық шаруашылығының қаржы жағайын қаржына неғұрлым маңызды обьетілермен салаларға аудару арқылы жақсартады. Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өткені бюджет тапылығын жабу үшін үкіметақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамыз етумен айқындалады. Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеу экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде. Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдай өсіп отырғандықтан, инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақмерзімді инвистициялар тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу тиімсіз. Қаражаттын жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен дипозиттердің пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар банктердің ақша несие операциялармен бәсекелесе алмайды. Экономикалық кеңістіктегі саяси тұрақтылық қаржыны жандандыруы мүмкін. Мұндай жағадайларда құнды қағаздардың бастапқы нарығы дамиды, екінші (биржа) нарықтық жағдайы саяси экономикалық эағдай тұрақтанғанға дейін анық болмайды. Инвистиция институттары, қор биржалары, биржадан тыс сауда, дипозит мекемелері түрінде құрамында элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйсін қалыптастырумен қатар жүреді. Ең алдымен сан алуан акционерлік қоғамдар құрылады. Валюта нарығы. Басқа да қаржы нарықтары сияқты валюта нарығы комерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болды. Банктер өз клиентері үшін мәмілелер жасайды (яғни халықаралық саудаға тартылған фирмалар үшін). Өз жұмыс барысында олар шетел валютасын жинақтайды да, айырбастау бағамының тұрақсыздығына байланысты тәуекелге ұшырай бастайды. Осы тәекелді төмендету үшін олар операцияларды көбінесе өз шоттарынан жүргізуге тырысады. Халықаралық сауда мен валюта нарықтарынның айналымдарына шығуда 1995 ж. сәуір айында орташа күрделікті сауда айналымы 1,3 трлн. доллар құрады, 1989 ж. Сәуір айындағы 650 млрд. Долларға қарағанда, бұл күндік көлемі көп мемлекеттердің жылдық ЖІӨ-нен асып түседі. Бұл ЕО орталық банктерінің жиынтық валюта қорынан едәуір (385 млрд. экю) асып түседі. Шетел валютасы шетел ақшасы мағынасын береді. Ақшаның көп бөлігі дипозит түрінде болғандытан, яғни коммерциялық банктік жүйнің өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілгенге дейінге дипозиттер түріде болғандықтан, яғни коммерциялық банктік жүйенің өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілге дейінгі дипозиттер бейнесінде сипаттауға болады. Оны негізгі қатысушылары комерциялық банктер және банкаралық мәмілелер көлемі жиынтық көлемінің 90%-ын құрайды. АҚШ доллары de facto дүниежүзілік валютаға айналады. Егерде бір саудагер Зимбабве долларын Канада долларына аударғысы келсе, онда ол екі операция өткізу керек. Біріншіден, ол Зимбабве долларын АҚШ долларына аударып, екіншіден АҚШ доларына Канада долларын сатып алады. Басқа ұлттық қор биржаларына қарағанда валюта нарығы белгілі бір орында орналаспаған, қатысушылардың тікелей сол жерде болуы талап етілмейді. Мәміленің көбі телефон немесе бір-бірімен электрондық жүймен байланысқан экран терминалдары арқылы жасалады. Коммерциялық банктермен қатар валюта нарығының негізгі қатысушылары әртүрлі мемлекеттердің орталық банктері. Олардың рөлі ерекше, өйткені олар мәміле затты, яғни валютаны жасайды. Кейбір мемлекеттерде олар күрделікті саудада пайда болған ауытқуларды теңестіру үшін белсенді қатысып отырады. Мұнда нақты қатысудың жоқ болғандығы, акционер де жоқ, ешқандай айғай-шу сияқты әрекеттердің болмауы басқа биржалардан гөрі артықшылығы болып саналады. Шынында сауда биржа негізінде жүргізіледі. Шынында сауда биржа негізінде жүргізіледі. Кез-келген уақытта екі түрлі баға бар: сұралатын – сатып алғысы келетін және ұсынылатын – сатқысы келетін баға. Бұл қалай іске асады? Мысалы, Барклейс банкі өзінің британдық клиентінің шотына 10 млн. Доллар сатып алғысы келеді. Бұл үлкен сома және ол клиентке жедел керек, сондықтан банк ұтымды бағымды күтіп отыра алмайтындығынан қысқаша мерзім ішінде ұтымды мәміле жасауы тиісті. Хабар қысқа мерзім ішінде жайылып кетіп отырады. 3.2. Бағалы қағаздар нарығының механизмі, эмитенттері және кәсіби мамандар , басқа қатысушылар мен қалыптасуы.

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң карқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы мүлде өзгеше. Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәэсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі -жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі. Олар өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді. Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта кұрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі -акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады. Жекеменшіктендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясы жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке ұйым. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз. Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық-кұқықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облилацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбеғейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Бағалы қағаздар рыногындағы банкілік операциялардың түрлері. Бағалы қағаздар рыногында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде, бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске асыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат. Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес «бағалы қағаз» ұғымы бәрінен бұрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ, бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтык қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы қағаздар тапсыруды және тиісті құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың максимальді деңгейіндегі мүліктік құқықтардың айналымын камтамасыз ететін құқықтық механизмнің қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену, пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық ресурстардың ролін атқарады. Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке зат ретінде — бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне өз бетінше меншік объектісі бола алатын, сатуға, сатып алуға, кепілге беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік; жылжымайтын мүлікке — акция, ипотекалық куәлік; өнімге — коносамент, фъючерстік контракт, товарлық опцион; ақшаға — облигациялар. Бағалы қағаз - - ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы қағазды иеленушіге беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын немесе ақшасын сол бағалы қағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда ғана бағалы қағазға ауыстырады. Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз - - өзінің ерекше рыногында — бағалы қағаздар рыногында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та, ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни, физикалық товар немесе қызмет болып табылмайды. Бағалы қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады. Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер болсақ, төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз -мүліктік объектіге қатысты, материалдық та, материалдық емес те тәсілдермен расталуы мүмкін, сонымен қатар, азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі ретінде бола алатын құкық. Заңмен бағалы қағаздардың мынадай түрлері бекітілген: 1. Акциялар. 2. Облигациялар. 3. Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзыретіне ие болатын құжаттардың басқа да түрлері. 4. Құнды қағаздар. 5. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы аумағында өкілді орган бекіткен тәртіпте айналымға жіберілғен, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары. 6. Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен танылған басқа да түрлері. Бірақ бағалы қағаздарды осылайша бөлу жалпы сипатқа ие, себебі, біздің мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары ретінде қаралатындарын ғана қалдыра отырып, төлем құжаттарын (чек, вексель, банкілік сертификаттар және т.б.) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады. Корпоративті бағалы қагаздар — мемлекеттік емес заңды тұлғалар шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар). Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз — иесіне акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы бағалы қағазға тән белгісі — оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-мамырда шыққан «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы акциялардың екі түрін жәй және басымдылығы бар акцияларды шығару мүмкіндігін бекіткен. Жәй акция бойынша оларды иеленушілерге қоғамның тапқан табысына қарай дивидендтер төленеді. Қарапайым акцияны иеленушінің акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар, ол басқару органдарын және ревизиялық комиссияны сайлауға, бақылауды іске асыруға және іскерлік саясатты бекітуге қатысады, Басымдылығы бар акцияны иеленуші табыс мөлшеріне қарамастан, кредиторлардан кейін, бекітілген дивидендтер алуға, сондай-ақ, заңды тұлға таратылған жағдайда оның мүлкін бөлуге қатысуына басым құқығы бар. Бұл акцияларды иеленушілердің Жарғымен басқаша көзделмесе, акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығы болмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына, сәйкес, облигация дегеніміз — оны иеленушінің облигацияны шығарған тұлғадан, онда көрсетілген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе мүліктік эквивалентін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация сонымен қатар, оны иеленушіге облигацияда көрсетілғен облигацияның номиналдық құнының бекітілген процентін немесе басқа да мүліктік құқықтарды алуға құқық береді. Облигациялардың мынадай түрлерін шығаруға болады: а) Ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары. б) Заңды тұлғалардың облигациялары. Заңды тұлғалардың облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үш жыл аралығында шығынсыз жұмыс істеу шартымен шығара алады. Алайда, облигациялардың мөлшері эмитенттің Жарғылық қорының мөлшерінен аспауы керек. Облигициялар бір тұлғаның атына, ұсынушы тұлғаға, процентті және процентсіз, еркін айналымдағы және шектеулі айналымдағы деп шығарылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңының 4-бабына сәйкес, туынды бағалы қағаздар дегеніміз — заңға сәйкес және өкілді органмен осындай деп танылған бағалы қағаздар. Атаулы анықтама туынды бағалы қағаздардың құзыреті мен мазмұнын анықтаудағы мемлекеттің позициясының белгіленбегендігін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: 1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жакты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті. 2. Джобберлер — нарық коньюктурасын бақылаушылар. З. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар. Осы мамандармен катар бағалы қағаздар бағалы кағаздар нарығына банк кызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже, заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады. Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтың тұлға ретінде тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді: 1. Консалтинг (кеңес беру). 2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру. 3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару. Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады: 1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба). 2. Брокер клиенттің белгіленген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз кұқын пайдаланады. 3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады. 4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде көшірме талап етуге құқы бар. 5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үнім бере алады. Бағалы қагаздар нарығына басқа қатысушылар Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары. Екінші топ, инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар: а) екінші деңгейдегі және инвестициялық банктер; Ь) сақтандыру қоғамдары; с) зейнетақы қорлары және сол сияқты ұйымдар. Бүл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни занды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздейді. Үшінші топ, және инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауыпты. Статистика деректері дәлелдегендей олардың бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындары табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді. Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздар операциясын жүргізуге жеңілдік береді. Эмитент — заңды тұлға, ол мемлекеттік орган немесе жергілікті басқару органы болуы мүмкін. Ал инвестор жеке адам немесе занды тұлға болуына құқылы. Олар бағалы қағаздарды өз қаржысына сатып алады. Инвестициялық институттар — заңды тұлға. Олардың ұйымдық түрлері әтүрлі болады. Бағалы қағаздар нарығына қатысушы – занды тұлғалар мемлекеттік лицензия, ал жеке адамдар мамандығы туралы аттестат алулары шарт.

3.3. Өнеркәсіп қаржысы міндеттері, кәсіпорындағы қаржы қатынастары.

Ауылшаруашылық өнімін өндірудің бірден-бір шарты қаржы ресурстарының болуы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс орнының ақша қаржылары болып табылады да, оларды қолдану белгілі мақсаттағы арнайы ақша қорларының құрылуы арқылы жүреді. Қаржы ресурстары өндірістік және өндірістік емес салаларды қаржыландыруға, тұтыну мен резерв құруға жұмсалады. Өндірісті дамыту үшін сатып алынған өндіріс құралдарға (еңбек заттары мен құралдары, жұмыс күшімен өндірістің басқа элементтері) жұмсалған қаржы ресурстары капиталдың ақшалай түрі болып табылады. Қаржы ресурстарын қолдану белгілі мақсаттағы арнайы ақша қорларының құрылуы арқылы жүретіндіктен капитал құрылымына, негізгі қорларға, айналмалы қорларға және айналым қорларына жұмсалған ақша қаржылары кіреді.

Капиталдың құрылымы

Қаржы ресурстарының негізгі қорлардың айналымындағы атқаратын ролі

Өндіріс орындарының активтері меншікті және қарызға алынған қаржы ресурстарынан құрылуы мүмкін. Жарғы қорының көлемі негізгі және айнымалы құралдарды өндіріс процесінде қаржыландыруға кеткен қаша қаржыларының мөлшерін көрсетеді. Меншікті құралдардың басқа құрылу көздеріне келесілер жатады:  қосымша капитал - капиталды қайта бағалау нәтижесінде құрылады;  резервті капитал – таза табыстың есебінен жарғы қорының 15% мөлшерінде құрылады;  жинақтау қоры - өндіріс орнын дамытуға жұмсалатын қаржы;  белгіленген мақсатта қаржыландыру мен түсімдер - әлеуметтік объектілердің құрылысы мен оларды баптауға жұмсалатын қаржылар мен заңды және жеке тұлғалардан осы мақсаттарға түскен қаржылар;  арендалық міндеттемелер – арендаторлардың ұзақ мерзімге жалға алған негізгі қорлары бойынша қарыздары;  бөлінбейтін таза табыс. Қарызға алынған қаржы ресурстарына келесілер жатады:  банк несиесі;  басқа кәсіпорындардың қарызға берген қаржылары;  құрылысқа қатысудағы үлесі;  бюджеттік қаржыландыру. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар өзінің экономикалық мәні бойынша келесі элементтерге бөлінеді.  материалдық шығындар;  ЕА төлеуге кеткен шығындар;  әлеуметтік сақтандыруға кеткен шығындар;  негізгі қорлардың амортизациясы;  басқа шығындар. Материалдық шығындар – шикізат пен негізгі материалдарға кеткен шығындар, яғни тұқымдар, мал азығы, минералды тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, элекроэнергия, отын. Еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар - өндіріс орнының негізгі жұмыскерлерінің ЕА төлеуге кеткен шығындар. Әлеуметтік сақтандыруға кеткен шығындар – заң бойынша орнатылған нормада жасалатын міндетті төлемдер кіреді (әлеуметтік салықпен көрсетілуі). Негізгі қорлардың амортизациясы – негізгі қорларды толық қалпына келтіруге кеткен кұн кіреді. Басқа шығындар - өзіндік құнға кіретін салықтар, алымдар, несие бойынша төлемдер, заң жүзінде белгіленген мөлшердегі жол-сапар шығындары, байланыс және банк қызметінің төлдемдері, жөндеу жұмысының барлық түрлері кіреді. Коммерциялық (өндірістік емес) шығындарға - өнімді сатуға байланысты шығындар жатады. Өндірістік және өндірістік емес шығындар тауарлы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Таза табыстың өзгеруіне келесі екі топ факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторларға табиғи жағдай, көлік жағдайы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, өндіріс ресурстардың бағасы. Ішкі факторлар негізгі және негізгі емес факторларға бөлінеді. Негізгі факторларға сату көлемі, өнімнің өзіндік құны, мен шығындардың құрылымы, өнімнің бағасы. Негізгі емес факторлар, шаруашылық тәртіпті бұзумен байланысты: баға тәртібін бұзу, еңбек жағдайын және өнімнің сапасына қойылатын шартты жағдайларды бұзумен байланысты.

Қорытынды

Әлемдік экономика тиімді кірігуге класткрлік бастамалар мен халықаралық маңызы бар "серпілістегі" жобаларды іске асыруға бағытталған елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі кешенді саясатты жүргізу нәтижесінде қол жеткізуге болады. Осы мақсаттарда "Қазына" орнықты даму қоры "АҚқұрылды,оған мемлекеттік даму институттарын басқару функциялары берілетін болады. Зерттеулер және даму институттарымен, ұлттық компаниялармен, отандық және шетелдік инвесторлармен бірлескен жұмыс негізінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді нысаналы жобалардың тізбесі мен оларды іске асыру жөніндегі шаралар кешкні қалыптастырылатын болады. Бұл тізбе өңірлік және халықаралық маңызы бар"серпілісті" жобаларды қамтитын болады. Индустриялық-иновациялық даму міндеттерін шешуді ескере отырып,Ғылымды дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бдғдарламасы әзірленетін болады,бұл ғылымның өндіріспен өзара байланысын күшейту мақсатында іргелі және қолданбалы ғылымды дамытудың негізгі бағыттары мен басымдықтарын айқындайды. Сауда саясаты БСҰ-ға республика үшін қолайлы жағдайларда кіруге,қазақстандық тауарлардың халықаралық нарықтарға қол жеткізуін жақсартуға,жаңа экспорттық "тауащаларды" жаулап алуға және ықпалдасу бастамаларын одан әрі кеңейтуге бағытталатын болады.Заңнамалық жәненормативтік құжаттардың ашық екі деңнейлі жүйесі қалыптастырылатын болады,оның жоғары сатысы - техникалық регламент,төменгісі - халықаралық талаптармен және нормалармен үйлестірілген стандарттар.Бұл қазақстандық өнімнің ішкі және сол сияқты сыртқы нарықтарда да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Авторлық құқық пен зиякерлік меншікті қорғау үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында авторлық құқық объектілері ментауарлар белгілерін пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау мен жоюға бағытталған іс-шаралар кешені әзірленетін болады.Қазақстан Республикасының патент жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленеді. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру индустриялық-инновациялық салада жүргізілетін қайта құрулардың негізгі іргетасы болады.Күш-жігер экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторларының тиімділігі мен экономикалық қайтарымын арттыруға,олардың жұмыс істеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.Қазақстан сытқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтады және өндірістің алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу есебінен энергетикалық шикізатты және оны терең өңдеу арқылы жасалған өнімдерді ірі әлемдік жеткізущілердің қатарына қосылады. Тиімді ұлттық көліктік жәнетелекомуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру міндеттері елдің әлемдік экономикаға тиімді кірігуінің мақсаттарына сай келетін болады. "КАZSАТ-1" қазақстандық байланыс және хабар тарату спутнигін ұшыру сияқты телекоммуникация желісін жаңғыртудың және дамытудың басым бағыттары іске асырылатын болады, бұл Қазақстанға спутник байланысының халықаралық операторларының санына кіруге мүмкіндік береді.Сондай-ақ оны кейіннен ұшыра отырып, "КАZSАТ-2"спутнигін жасау жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру сауатты макраэкономикалық саясат жүргізу жолымен қамтамасыз етілетін болады.Иновацияны ұстап тұру,экономиканың "қызып кетуінің" келеңсіз салдарын бағдарламасы шеңберінде металлургиядағы,химия өнеркәсібіндегі,банк саласындағы,сақтандыру саласындағы және басқа да салалардағы "жасырын монополияларды" монополиясыздандыру жөніндегі шаралар іске асырылады.2007 жылы Табиғи монополиялар саласындағы тариф саясатын жетілдірудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда,оның нәтижесінде табиғи монополиялар субъектілерінің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған тарифтері деңгейлерінің болжалдылығы мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі және табиғи монополиялар субъектілері әрекет ететін салалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасалады. Кәсіпкерлік секторды дамыту нарықтық қатынастар мен бәсекеге қабілетті экономиканы түзетудегі негізгі іргетас ретінде қаралатын болады. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер жұмысыныңжаңа регламентін бекітуді көздейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.Барлық өңірлерде кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымның объектілерін құру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. 2006 жылы аумақтарды кластерлердің қалыптасуымен өзара іс-қимылды дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді айқындайтын Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы әзірленеді.Өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандықтар қалыптастыруға,экономикалық әлеуетті және еңбек ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануға негізделген аумақтық даму оның негізгі мақсатына айналады.Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда,олардың қызметіинвестициялар тартуға және өңірлерде жаңа өндірістер мен технологияларды іске асыруға,өңірлерде тиісті қолайлы экономикалық орта қалыптастыруға,сондай-ақ әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталатын болады. Астананы Евразиядағы өзара халықаралық іс-қимылдың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту және Алматы қаласының қаржылық және іскерлік белсенділіктің өңірлік орталығы ретінде қалыптасуы мемлекеттік өңірлік саясаттың маңызды нәтижелерінің бірі болады. Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғауға бағытталған және еңбек ресурстарын тиімді дамытуды ынталандыратын атаулы әлеуметтік саясатты іске асыру Президенттің 2006 жылғы Жолдауында айтылған барлық басымдықтарға жауап беретін болады.Үкіметтің осы саладағы негізгі мақсаты мемлекет,жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауапкершілікті тиімді бөлуді көздейтін көп деңгейлі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі дамыту,атаулы әлеуметтік көмекті күшейту және тұрлаулы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. сондай-ақ Үкімет түрлі деңгейлі табысы бар халықтың қажеттіліктерін кешенді қанағаттандыруға бағытталған тұрғын үй саясатын іске асыруды жалғастырады.Осы міндеттің шеңберінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және тұрғын үй саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізілетін болады. Жер учаскелерін беру және инженерлік-кммуникациялық желілерді жүргізу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған жеке тұрғын үй құрылысының секторын қолдау және дамытуды ынталандыру жөніндегі жұмыс жалғасады.Жеке капитал тарту тетіктерін қоса алғанда жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту жағдайын жасау және жалға беру үйлерінің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады. Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданатын болады. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыруда қазіргі заманғы қағидаттар мен стандарттарға өту әлемдегі бәсекеге сай.Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының даму жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп. Экономикалық мәселелерге: А) нарықты реттейтін механизмінің жоқтығы; В) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы; С) зандардың мүлтіксіз орындалмауы; О) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы; Е) бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы; Ғ) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады. Бағалы қағаздар нарығына мамандарды бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген оқу орталықтары дайындайды. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамандық туралы бірінші санатты куәлік алған 1500-дей адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі — кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмы арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қарастыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатысқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылығы мынада: 1. Нарықта акционерлік капитал үлесінің көптігі. 2. Үлестік бағалы қағаздардың қарыздық қағаздардан көптігі. 3. Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы. 4. Нарықтағы банк емес мекемелеріыің көптігі. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасында қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлгісіне нақты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Жандосов О.А. «Ізденіс нәтижесіз емес» // Қаржы-қаражат 1998 №1-с 9-14б 2. Молдабекова А.Н. «Нарықтық қатынастардағы халықтың қаржыгерлерінің қалыптасуы»// Финансы Казахстана 2004 №1-с 41-44 3. Маханова З.А. Самбетбаева А.К. «Қаржылық талдау – кәсіпорындарды басқарудың құралы» Қазақстан жаңа үлгідегі Конф. Материал ІV бөлім -А 2001 169-174б 4. Мельников В.Д. Ильясов К.К. «Қаржы» Алматы «Экономика» 1994 80-85 5. Яновская О.А. «Қазақстандағы қаржы байланыстарының ішкі коорпарациялық мониторингі және талдануы» // Қаз ЭУ хабаршысы 2002 №3 37-31б 6.Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С.А «Қаржылық бақылау» // Қаржы Алматы 2005 114-136б 7. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж 8.Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж 9.Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж. 10.Банктегі бухгалтерлік есеп жэне есеп беру. Н.А. Ғүмар, Р.Ж. Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000. 11.Банк хабаршысы. 2000

Похожие материалы