7kun.kz 1991 жылдан бері қараша айында Қазақстан Республикасы басынан өткерген елеулі оқиғаларға шолу әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.
1991 жылы Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев республика халқына Ант берді.
1992 жылы Алматыдағы Райымбек батыр көшесінің бойындағы зиратта атақты әнші Әміре ҚАШАУБАЕВҚА қойылған ескерткіш-құлпытастың ашылу салтанаты өтті.
1992 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында ақын Мұқағали МАҚАТАЕВТЫҢ мұражайы ашылды.
1993 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы жарық көрді.
1994 жылы Қазақ Ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына Әл-Фараби ескерткіші орнатылды.
1995 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының наградалары туралы» заңдық күші бар Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы ең жоғары дәрежелі «Алтын қыран», «Айбын», «Достық» ордендері бекітілді.
1996 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды.
1996 жылы Жамбыл қаласында 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына орай Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке арналған ескерткіш орнатылды.
1997 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі құрылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті.
1998 жылы Алматы облысы, Сарқан қаласының орталық көшесіне ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді.
1998 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан халықаралық ғарыш станциясының алғашқы модулі ұшырылды.
1999 жылы Семей университетіне ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, университет ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды.
1999 жылы Астана қаласы көшелерінің біріне жазушы Қошке КЕМЕҢГЕРҰЛЫНЫҢ есімі берілді.
2000 жылы Қызылордада жазушы Мұхтар ӘУЕЗОВКЕ ескерткіш орнатылды.
2000 жылы «Ислам және өркениет» газеті жарық көрді.
2000 жылы Қарағанды қаласында ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаев ескерткіші ашылды.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ашылды.
2004 жылы Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының IV құрылтайы өтті.
2004 жылы Алматыда көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Сауық Тәкежанов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.
2005 жылы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Дейді екендер дейді екен» атты шығармалар жинағы жарық көрді.
2005 жылы «Ұлытау» тобының «Жұмыр, Қылыш» деп аталатын алғашқы жеке альбомының тұсаукесері өтті.
2006 жылы Оралда қазақтың көрнекті әншісі әрі композиторы Мұхит МЕРӘЛІҰЛЫНЫҢ (1841-1918) туғанына 165 жыл толуы құрметіне халықаралық айтыс өтті.
2006 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында көрнекті энциклопедияшы-ғалым, ағартушы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЕВ кесенесі ашылды.
2006 жылы Жидебай шатқалында Семей облысындағы Абай Құнанбаевтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық кешенінің құрылымды бөлігінің бірі - атақты философ, талантты композитор Шәкәрім Құдайбердиевтың республикадағы тұңғыш мұражайы ашылды.
2007 жылы Алматыда қоғам қайраткері Болатхан Тайжанға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің авторы - Тимур Сүлейменов.
2007 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күнгей мен көлеңке» атты кітабының тұсаукесері өтті.
2007 жылы Атырауда Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла ҚАБДОЛОВТЫҢ мұражайы ашылды.
2008 жылы Нью-Йорктегі Линкольн орталығында «Кең байтақ қазақ даласының әуендері» деп аталған фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті болды.
2009 жылы Минскідегі орта мектепке Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.
2010 жылы Вена қаласында дарынды дирижер Алан Бөрібаевтың басқаруымен Норрчёпинга (Швеция) симфониялық оркестрінің концерті өтті.
2010 жылы Алматыда ISUZU жүк машиналарын құрастыратын кәсіпорын құрылды.
2010 жылы Астанада Қазіргі заман өнері музейінде ЕҚЫҰ Саммиті мәдени бағдарламасы ауқымында «Қазақ бейнелеу өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды.
2011 жылы Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті саябағында «Қазақстан» монументальдық-скульптуралық композициясы ашылды.
2012 жылы Таразда Халық қаһарманы Ғазиз БАЙТАСОВҚА ескерткіш тақта қойылды
2012 жылы «Explore Astana» журналының алғашқы нөмірі шықты.
2013 жылы «Білім» және «Мәдениет» телеарнасы біріктірілді.
2013 жылы Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева көркемөнер және мәдениет саласындағы Еуропалық өнер одағы беретін «Golden Europea» («Алтын Еуропа») - жоғары наградасын алды.
2013 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанада ІІІ Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театры фестивалін өткізді.