Экономика
Қазақстан-Қытай шекарасында пошта айырбасы уақытша тоқтатылды
Қазақстан-Қытай шекара аумағындағы пошта айырбасы уақытша 7 қазанға дейін тоқтайды. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Қытай Халық Республикасының "ҚХР білім күні" мерекесін атап өтуіне байланысты 2015 жылдың 7 қазанына дейін қазақстан-қытай шекарасы аумағындағы пошта айырбасы уақытша тоқтайды" - делінген таратылған хабарламада.
"Қазпошта" АҚ - Қазақстандағы толық пошта спектрі мен қаржылық қызметті ұсынушы ұлттық оператор. Компания "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының құрамына кіреді.