Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан-Қытай шекарасында пошта айырбасы уақытша тоқтатылды

Қазақстан-Қытай шекарасында пошта айырбасы уақытша тоқтатылды

Қазақстан-Қытай шекара аумағындағы пошта айырбасы уақытша 7 қазанға дейін тоқтайды. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қытай Халық Республикасының "ҚХР білім күні" мерекесін атап өтуіне байланысты 2015 жылдың 7 қазанына дейін қазақстан-қытай шекарасы аумағындағы пошта айырбасы уақытша тоқтайды" - делінген таратылған хабарламада. "Қазпошта" АҚ - Қазақстандағы толық пошта спектрі мен қаржылық қызметті ұсынушы ұлттық оператор. Компания "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының құрамына кіреді.  

Похожие материалы