Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда 18 092 үкіметтік емес ұйым тіркелген

Қазақстанда 18 092 үкіметтік емес ұйым тіркелген

Алматы. 24 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 18 092 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың ішінде 8 307 белсенді жұмыс істейді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан VII Азаматтық форум барысында айтылды.

Қазақстанда белсенді үкіметтік емес ұйымдар желісі дамыған 5 өңір – Астана, Алматы қалалары, Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Үкіметтік емес секторда тұрақты негізде 27 мың адам жұмыс істейді.

«ҮЕҰ-ның құрылымы біздің азаматтарды көбінесе толғандыратын проблемаларды сипаттайды. Бұл тұрғыда біз үкіметтік емес секторды қуаты мен қабылеті жағынан елдегі оң өзгерістердің қозғаушы күші бола алатын ниеттестер қауымдастығы деп білеміз», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі ҮЕҰ қызметінің бағыттары әлеуметтік саланың барлық бөлігін қамтиды. Олардың қатарында жастар саясаты мен балалар бастамасы, халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау, білім және ғылым, спорт және дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, гендерлық мәселелерді шешу, қоршаған ортаны қорғау, өнер мен мәдениетті дамыту саласында жұмыс жасайтын ұйымдар, сондай-ақ, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени құндылықтарды қорғауға, мемлекеттік тілді дамыту, демографиялық проблемаларды шешуге бағытталған қоғамдық бірлестіктер бар.

Похожие материалы