Осы жылы Қазақстанда 20-30 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау хабарлады.
"Осы жылы бізге Ресейден көп машинаның әкелінуінен болған шығынның орнын толтыру қиынға түседі. Бірақ, менің ойымша, біз оптимистік сценарий бойынша 30 мың автокөлік шығарамыз, ал теріс сценарий бойынша, бәлкім, 20 мың болады", - деп мәлімдеді А.Рау журналистердің отандық автоөнеркәсіп жоспарлары туралы қойған сауалына жауап бергенде. Сонымен қатар, вице-министр мемлекет өз тарапынан отандық авто өндірушілеріне барынша қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024