Жалақы мөлшері едәуір өскен салалар: құрылыс саласы (14,51 пайыз) және тау-кен өнеркәсібі (14,47 пайыз). Соған қарамастан, 2015 жылдың екінші тоқсанында құрылыс саласы барлық 19 экономикалық саланың ішінде төртінші болып тіркелген, алға шыққан ғылыми және техникалық сала, қаршылық қызмет пен білім беру салалары. Тау-кен өнеркәсібінде шикізатқа сұраныс азайып, бағасы төмендегеннен кейін ол сала тек жетінші орында болған", - дейді мамандар мәліметтерге сүйене отырып.
Аутсайдерлер қатарында, сарапшылардың мәліметінше, мемлекеттік сала және әкімшілік сала, сондай-ақ көмекші салалардың орташа жалақысы 2015 жылы төмендеген. "2016 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, жалақының орташа көрсеткіші ешбір салада төмендемеген, алайда ең төменгі сатыда ақпараттық және байланыс қызметін көрсететін компаниялар тұр. Олардың орташа еңбекақы мөлшері небәрі 3,6 пайызға өскен", - деп хабарлады мамандар.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025





