Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда қай салада жалақы өсті?

Қазақстанда қай салада жалақы өсті?
Экономика секторында 2016 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша еңбекақы көрсеткіші қай салада көтерілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Ranking.kz сараптама қызметі. Сарапшылардың мәліметі бойынша, Қазақстанда 2016 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, жалдамалы жұмысшылардың орташа есептегі айлық еңбекақы мөлшері 143 600 теңгені құраған. 2016 жылдың алты айының жалақысының орташа есептік көрсеткіші 2014 жылдың соңғы тоқсанынан бері едәуір өскен. Еңбекақы мөлшері шамамен 15,6 пайызға өскен, соның өзінде жыл сайын 8,8 есеге көбейіп отырған. 1 суретЖалақы мөлшері едәуір өскен салалар: құрылыс саласы (14,51 пайыз) және тау-кен өнеркәсібі (14,47 пайыз). Соған қарамастан, 2015 жылдың екінші тоқсанында құрылыс саласы барлық 19 экономикалық саланың ішінде төртінші болып тіркелген, алға шыққан ғылыми және техникалық сала, қаршылық қызмет пен білім беру салалары. Тау-кен өнеркәсібінде шикізатқа сұраныс азайып, бағасы төмендегеннен кейін ол сала тек жетінші орында болған", - дейді мамандар мәліметтерге сүйене отырып. Аутсайдерлер қатарында, сарапшылардың мәліметінше, мемлекеттік сала және әкімшілік сала, сондай-ақ көмекші салалардың орташа жалақысы 2015 жылы төмендеген. "2016 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, жалақының орташа көрсеткіші ешбір салада төмендемеген, алайда ең төменгі сатыда ақпараттық және байланыс қызметін көрсететін компаниялар тұр. Олардың орташа еңбекақы мөлшері небәрі 3,6 пайызға өскен", - деп хабарлады мамандар. 2сурет

Похожие материалы