2015 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда республика аумағында шығарылған автокөліктерді сатып алуға жеңілдік беріліп отыр.
Отандық автокөліктерді қазақстандықтар төмен пайыздық мөлшерлемемен несиеге ала алады. Атаулы мөлшерлеме 4 пайызды құраса, соңғысы 6 пайыздан аспайды. Жалға алынатын автокөліктер үшін мөлшерлеме осындай. Осы пайыздық көрсеткіштің ішіне сақтандыру төлемдері де кіреді. Оператор-банктер әлі нақтыланған жоқ.
"Бұл өте жақсы қолдау, жақсы идея. Көршілес Ресейдегі жағдайға байланысты біздер осы уақытта баға саясаты жөнінен қиындыққа тап болып отырмыз. Ресейдегі ресми диллерлердің жүзеге асыратын автокөліктерінің бағасы қазақстандық көліктердің бағасынан әлі де болса арзан", - дейді тәуелсіз автобизнес Одағының басқарма төрағасы Павел Ким.
Қазақстандық автомобильдік бизнес қамуымдастығының берген ақпараты бойынша, өткен жылы Қазақстанда 37 мың жеңіл көлік шығарылған. Көлік сатылымы ішкі нарықта екі есеге азайып кетті.
Бұл жағдайдың орын алуының басты себебі - көрші елдерден импортталатын автокөліктердің көбеюі. Соның ішінде Ресейде авто көбірек әкелінуде. 2015 жылдың басында-ақ Ресейден 50 мыңға жуық машина әкелінген. Бұл ішкі өндірістен 20 пайыздай артық.
Отандық авто өндірісін дамытуға Қазақстан үкіметі 20 миллиард теңге бөлді. Оның 15 миллиарды жеке тұлғаларды несиелендіруге арналған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024