Қазақстанда автокөліктер саны көбейіп келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, 2020-жылға қарай көлікпен қамтамасыз етулі көрсеткіші бойынша дамыған елдер қатарына жақындайтын боламыз.
Қазақстан Орта Азия бойынша автокөліктендіру деңгейі бойынша көш бастап келеді. XXI ғасырдың басында еліміздегі жеңіл автокөліктер саны миллион болса, бүгінде ол көрсеткіш төрт есеге ұлғайып отыр. Автокөліктердің саны халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болады. Бүгінде 1 000 қазақстандыққа 232 машинадан келеді (Өзбекстанда 1 000 адамға 67 машинадан). Осы көрсеткіш бойынша, Қазақстан Бразилия мен Оманның арасында тұр. Әр адам басында бір жеңіл көліктен бар әлемдік көшбасшы елдер - Монако мен АҚШ. Қазақстандық автомобиль өндірісі де дамып келеді. Егер осыдан 6 жыл бұрын елімізде бар-жоғы 500 автокөлік шығарылса, өткен жылы 37 мың автокөлік шығарылды. Қазақстанда автокөлік шығарумен екі құрастырма кәсіпорын жұмыс жасайды: "Азия авто" АҚ (Өскемен) және "АгромашХолдинг" АҚ (Қостанай). "Азия авто" АҚ Skoda, Chevrolet, Lada және KIA маркалы жеңіл автокөліктерді шығарса, екінші кәсіпорыннан SsangYong, ZAZ, IVECO, Peugeot және Toyota Fortuner маркалы машиналары шығарылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024