Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда айналымы 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 5,9 пайызға жоғары. Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының көлемі 36,7 пайыз (1,4 трлн теңге), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 63,3 пайы (2,4 трлн теңге) болды.
2016 жылмен салыстырғанда, азық-түліктерді өткізу көлемі 6,1 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 5,5 пайызға артқан.
Сонымен қатар, ірі сауда кәсіпкерліктері 2,2 трлн теңге саудадан пайда тапқан (57,3 пайыз), ал жеке кәсіпкерліктер мен сауда базарлары - 1,6 трлн теңге (42,7 пайыз).
Сонымен қатар, республиканың көтерме саудасы 2017 жылдың басынан 8,3 трлн теңгені көрсетті. Ол 2016 жылғымен салыстырғанда 0,6 пайызға артық.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024