Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Қазақстандағы бөлшек сауда 6 пайызға өсті

2017 жылы Қазақстандағы бөлшек сауда 6 пайызға өсті

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда 2017 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда айналымы 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 5,9 пайызға жоғары. Бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының көлемі 36,7 пайыз (1,4 трлн теңге), ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 63,3 пайы (2,4 трлн теңге) болды.

2016 жылмен салыстырғанда, азық-түліктерді өткізу көлемі 6,1 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 5,5 пайызға артқан.

Сонымен қатар, ірі сауда кәсіпкерліктері 2,2 трлн теңге саудадан пайда тапқан (57,3 пайыз), ал жеке кәсіпкерліктер мен сауда базарлары - 1,6 трлн теңге (42,7 пайыз).

Сонымен қатар, республиканың көтерме саудасы 2017 жылдың басынан 8,3 трлн теңгені көрсетті. Ол 2016 жылғымен салыстырғанда 0,6 пайызға артық.

Похожие материалы