Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері ашық көрсетілмейтін болады. Яғни, осы жылы ҰБТ-дан соң ілінетін тізімдерде талапкердің аты-жөнінің орнына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жазылады.
Кімнің қанша ұпай жинағандығын әркім өзінің ЖСН-ы арқылы білетін болады. Жеке сәйкестендіру нөмірі жеке куәлікте орналасқан. ҰБТ нәтижелерін үйден шықпай-ақ білуге болады. Тестілеуге қатысты барлық мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында беріледі. Сервиске кіру үшін талапкерге ЖСН мен жеке кодын енгізу керек. Жеке код сынақ алдында беріледі. Бұрынғы жүйеге өзгеріс енгізіп отырған себептері - ҰБТ-дан соң болатын келеңсіз жағдайларға байланысты. Тестілеудің нәтижелерінің ашық болуы жасөспірімдер арасындағы араздыққа әкеліп соғады. Шенеуніктер жаңа жүйенің енгізілуімен келеңсіз жағдайлар азаятынына сенімді. Себебі, мектеп бітірушілердің қанша ұпай жинағандықтарын бөгде адамдар біле алмайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024