Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰБТ-2015: Тестілеу нәтижелері ашық көрсетілмейтін болады

ҰБТ-2015: Тестілеу нәтижелері ашық көрсетілмейтін болады

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері ашық көрсетілмейтін болады. Яғни, осы жылы ҰБТ-дан соң ілінетін тізімдерде талапкердің аты-жөнінің орнына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) жазылады.

Кімнің қанша ұпай жинағандығын әркім өзінің ЖСН-ы арқылы білетін болады. Жеке сәйкестендіру нөмірі жеке куәлікте орналасқан. ҰБТ нәтижелерін үйден шықпай-ақ білуге болады. Тестілеуге қатысты барлық мәліметтер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында беріледі. Сервиске кіру үшін талапкерге ЖСН мен жеке кодын енгізу керек. Жеке код сынақ алдында беріледі. Бұрынғы жүйеге өзгеріс енгізіп отырған себептері - ҰБТ-дан соң болатын келеңсіз жағдайларға байланысты. Тестілеудің нәтижелерінің ашық болуы жасөспірімдер арасындағы араздыққа әкеліп соғады. Шенеуніктер жаңа жүйенің енгізілуімен келеңсіз жағдайлар азаятынына сенімді. Себебі, мектеп бітірушілердің қанша ұпай жинағандықтарын бөгде адамдар біле алмайды.

Похожие материалы