Жыл басынан "Евразия" СК" АҚ Автокөлікті сақтандыру (АвтоКаско) бойынша 230 млн теңгеден артық сомма төледі деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Осылайша, сақтандыру компаниясы өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда сақтандыру төлемдерін 69%-ға арттырды.
Қаңтар, ақпан айларында компания АвтоКаско автополисіне ие болған 264 автокөлік құралының иелеріне ірі сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған. Ақпан айында бір машина үшін ең ірі өтемақы шамамен 4,2 млн теңге болған. Бұл автокөліктер айдап әкету, ЖКО салдарынан болған залал, өрт, қаскүнемдер әрекеттері қауіптерінен және өзге қауіптерден сақтандырылған.
Ақпарат көзі: forbes.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024