Өскемендік "Азия Авто" автомобиль зауыты осы жылдың күзінен бастап LADA Priora-ны құрастыруды бастамақшы. Бұл туралы avtobizon.ru порталы хабарлайды.
Қазақстан көлік қорабын сатып алып, шыныларын салады. Көлік құрастыру тек ішкі нарық үшін өндірілмек және басқа елдерге таралмайды. Өндіріс көлемі айына 1000 автомобильді құрайды.
Еске салайық, осыған дейін қазақстандық "Бипэк Авто-Азия Авто" автомобиль холдингі Ресей нарығына таралған еді. Сарапшылар Ресей нарығындағы дағдарысқа байланысты мұны дұрыс қадам деп тауып, Сібірде Lada көлігін шығаратын 4 кәсіпорынды сатып алуы нарықты дамытуға үлес қосады деп сенім білдірді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024