Қазақстанда әлеуметтік желіге байланысты арнайы заң қабылдау қажеттілігі пайда болды. Мұндай бастаманы Қазнет қолданушылары көптеп талқылап жүр.
Заңгерлердің айтуынша, соңғы жылдары кейбір интернет-платформалардың маңызы өсіп кеткені сонша, заңды қадағалау жасауға мәжбүрлік туындап жатыр. Бірақ мұндай пікірге қарсы келгендер де бар. Олардың ойынша, Қазақстанда мұндай заң қабылданар болса, өзге авторитарлы елдердегідей виртуалды іс-әрекеттердің барлығы қатаң қадағаланатын болып кететін болады. Елімізде виртуалды әлемге еніп кеткендер саны жетіп артылады. Сол себепті, біршама Қазнет қолданушылары арнайы заң қабылдау керек деп отыр. Әзірге интернетке қосылған адамдар саны 12 миллионнан асады. Олардың әрқайсының кем дегенде бір веб-платформада аккаунты бар. Қазақстандықтар виртуалды кеңістікке шамадан тыс кіріп барады. Жангелді Сүлейменов, заңгер: — Интернетте былық көп. Оған барлығы келіседі деп ойлаймын. Барлығы шын өмірде де солай сөйлескенін көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Ол жерде адамды балағаттау, қарғаудың түр-түрі жүреді. Тіпті адам өлтіру туралы да әңгіме бола береді. Жаңа заңның шығуын қолдаушылардың пікірінше, әлеуметтік желілердің рөлінің артқаны сонша, тіпті қоғамдық санаға да әсер ететін болған. Кей жағдайларда интернет-қауымдастықтың пікірі белгілі бір шешімдерді қабылдауда маңызға ие болып жатыр. Мәселен, әйелдердің зейнеткерлік жасына байланысты аты шулы заң қабылдар кезде, "Көк жайлау" шипажайының құрылысына қарсылық, Қайрат Жамалиев пен Мақсат Үсеновтың жаман атқа ие болуына да осы виртуалды әлемнің арқасында болды. Әсет Нұрпейісов, Қазақстанның интернет-қауымдастығының атқарушы директоры: — Қандай сайт, интернет-ресурс болмасын ол бұқаралық ақпарат құралдарына жатады. Әрбір материалдың жарыққа шығуы газет не телеарнадан берілген жаңалық іспеттес болады. Сол себепті нақты әлеуметтік желілерге байланысты заң шығарудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда бар заңға аздап өзгерістер мен толықтырулар енгізсе, жетіп жатыр. Сонымен бірге интернет-қауымдастық өкілдерінің айтуынша, қазақстандық арнайы қызметтің интернетте орын алған жағдайларды ретке келтіруге күші әбден жетеді. Бұл пікірді ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов да растады. Криминалды полицияның базасында арнайы "К" бөлімшесі де ашылған. Ішкі істер министрінің айтуынша, киберқылмыстар саны расымен де өскен. Егер өткен жылы 21 қылмыстық іс ғана қозғалса, биылғы жылы ондай қылмыстар саны 66-ға жеткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024