Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Қазақстандағы 14 пен 24 жас аралығындағы 2 миллионға жуық азамат бар. Олардың 49 пайызы жұмыс істейді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша, 15-24 жастағы азаматтардың жұмыссыздығы бір жылда 4,2 пайыздан 3,5 пайызға азайған.
Кей облыстарда жастардың жұмыссыздығы республикалық көрсеткіштен де көп. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (6,5%) байқалды. Одан кейін 6,1 пайыздық көрсеткішпен Қарағанды облысы тұр. Үшінші орынға 5,3 пайызбен Алматы облысы тұрақтады.
Ал жұмыссыздық көрсеткіші төмен аймақтар ШҚО (2%), ОҚО (1,7%) және Атырау облысы (1,5%).
Қазіргі уақытта 15-24 жас аралығындағы 2 млн азаматтардың 49 пайызы жұмыс істейді.
Жалпы есепте жастардың үштен бір бөлігі Оңтүстік өңір мен Алматы облысында қоныстанған. Алайда бұл аудандардағы жұмыспен қамтылған жастардың үлесі ОҚО-да 33 пайызды Алматы облысында 49 пайызды құрайды.
Ақмола облысы мен Астанада жастардың жартысынан көбі қызметке орналасқан (61%) немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы (56%). Дегенмен, мұндағы Астаналық жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды көрсетіп отыр.
Жұмыссыздық бойынша ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысы (36%) мен Оңтүстік қазақстан облысында (33%).
Айта кетейік, «Жұмыспен қамту ол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2016 жылы 15,1 мың жас өндірістік тәжірибеге жіберілді. Олардың 87,8 пайызы нақты жұмыс берушімен келісімге отырып тұрақты жұмысқа ие болды.
Тэги:
- 7kun.kz
- жұмыссыздық
- 7күн кз
- бүгінгі жаңалықтар
- статитика
- экономикалық жаңалықтар
- Қоғам жаңалықтары
- маңызды жаңалықтар
- оқушылар мен студенттер жұмысы
- жұмыс істейтін оқушылар саны
- жұмыс істейтін студенттер саны
- жұмыс істейтін жастар
- Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі
- Жұмыссыздық деңгейі жоғары облыстар
- жұмыссыздық деңгейі төмен облыстар
- Қазақстандағы жастардың жұмыссыздығы
- «Жұмыспен қамту ол картасы – 2020»
- «Жұмыспен қамту ол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы
- жастарды жұмыспен қамту
- жұмыспен қамту бағдарламасы
- жұмыссыздық статистика
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024