Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда оқушылар мен студенттердің жартысына жуығы жұмыс істейді

Қазақстанда оқушылар мен студенттердің жартысына жуығы жұмыс істейді

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - Қазақстандағы 14 пен 24 жас аралығындағы 2 миллионға жуық азамат бар. Олардың 49 пайызы жұмыс істейді. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша, 15-24 жастағы азаматтардың жұмыссыздығы бір жылда 4,2 пайыздан 3,5 пайызға азайған.

Кей облыстарда жастардың жұмыссыздығы республикалық көрсеткіштен де көп. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (6,5%) байқалды. Одан кейін 6,1 пайыздық көрсеткішпен Қарағанды облысы тұр. Үшінші орынға 5,3 пайызбен Алматы облысы тұрақтады.

Ал жұмыссыздық көрсеткіші төмен аймақтар ШҚО (2%), ОҚО (1,7%) және Атырау облысы (1,5%).

Қазіргі уақытта 15-24 жас аралығындағы 2 млн азаматтардың 49 пайызы жұмыс істейді.

Жалпы есепте жастардың үштен бір бөлігі Оңтүстік өңір мен Алматы облысында қоныстанған. Алайда бұл аудандардағы жұмыспен қамтылған жастардың үлесі ОҚО-да 33 пайызды Алматы облысында 49 пайызды құрайды.

Ақмола облысы мен Астанада жастардың жартысынан көбі қызметке орналасқан (61%) немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы (56%). Дегенмен, мұндағы Астаналық жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды көрсетіп отыр.

Жұмыссыздық бойынша ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысы (36%) мен Оңтүстік қазақстан облысында (33%).

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту ол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2016 жылы 15,1 мың жас өндірістік тәжірибеге жіберілді. Олардың 87,8 пайызы нақты жұмыс берушімен келісімге отырып тұрақты жұмысқа ие болды.

Похожие материалы