Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда темекі өндірісі азайды

Қазақстанда темекі өндірісі азайды

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-ақпан айында сигара, сигарилла, шылым мен папиростың  жалпы көлемдегі өндірісі 2,09 млрд данаға азайып, 2016 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 12,4 пайызға қысқарған.

Ұзақ жылғы динамикада мұндай түсім соңғы жылдары ғана байқала бастады. Мысалы, 2013 жылы шығарылған өнім көлемінің азаюы жылына 5,1 пайызға, 2014 жылы - 2,2 пайызға, 2015 жылы бірден 21,9 пайызға азайды. Тек 2016 жылы 3,4 пайызды құраған өсім байқалған.

 Мұндай төмендеу Қазақстан 10 жылдан бері мүше болып отырған Дүниежүзілік денсаулық сақтау қауымдастығының Рамо конвенциясына сәйкес келеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, темекіні өсіру алаңқайары 357 гектарды құраған. 2012 жылы бұл аумақ 1275,1 га еді. Осылайша, аудан 72 пайызға қысқарған. 

Дегенмен, бұған дейін қазақстандықтар темекіні көбірек шеге бастағанын жазған едік. «Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 8-10 млрд дана темекі өнімі пайдаланылады, 2013-2015 жылдар аралығында пайдалану мөлшері жыл сайын шамамен 44%-ға артып отырды. Орташа есеппен 2015 жылы адам басына шаққанда 769 темекіден, немесе жылына 38 темекі қорабынан келді», – деп мәлімдеген еді Алматы қаласы Аймақтық қаржылық орталығы рейтингілік агенттігінің сарапшысы Гаухар Шынкеева.

Похожие материалы